Home » Жаңалықтар » «Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады

«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану-зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті. Алты аталым бойынша үздік жұмыстарды тікелей эфирде жеңімпаздар таныстырды.

Өлкетану-зерттеу экспедициясының танымдық жобалары сайысына оралдық зияткерлер тарихи және мәдени мұра, табиғи қорықтар, инновациялық/өндірістік даму бағыттары бойынша мектепішілік кезеңнен іріктелген тоғыз жоба мен шығармашылық жұмысын ұсынды. Еліміздің белгілі ғалымдары қатысушылардың жоғары зерттеу дағдыларын дәлелдейтін көлемді жұмыс атқарғандарын атап өтті.

Оралдық оқушылар «Шолохов жерлері» арнайы  сайты, Орал трансформатор зауыты туралы «Жарықтың да сұрауы бар немесе трансформатор қайдан шығады?» бейнерепортажы,  Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлі атындағы ең ірі мәдени нысандары қызметі бойынша мобильді қосымша, Тақсай ханшайымы веб-сайты, 3D бағдарлама көмегімен жасалған ойыншық өрт сөндіру машиналары, Күнбатыс Алашорда онлайн маршруттық туры, Digital art  стиліндегі цифрлы портрет, Аққұм қорықшасы туралы әзірлеген аудиогид пен квестті таныстырды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы NIS-тің әлеуметтік жобалары қатарында айрықша орын алатынын баса айтты, оның әрбір қатысушысы өзін жеңімпаз санауға толық құқығы бар, себебі олар өз елінің тарихи, археологиялық, мәдени, архитектуралық, индустриалдық көрнекі орындарын зерттеді.

Экспедицияның бірегей бағдарларымен жүріп өткен барлық қатысушыларды белгілі қазақстандықтар құттықтады. Онлайн форматқа қарамастан, монитордан әйгілі робот София шыға келгенде қошеметтер легі толастамады. Ең әйгілі гуманоидпен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары оны жасап шығарушы Дэвида Хэнсонмен жасанды интеллект бойынша өткен сабақ барысында достасып үлгерген.

Экспедицияның барлық қатысушылары келесі жылы қашықтан өткен бағдарларын шынайы өмірде қайталап, туған елдің жаңа көрнекі жерлерін зерттеуге дайындық үстінде. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Туған елге тағзымды» жалғастыруда.

Айдана ХАМИДУЛЛИНА
Орал қаласындағы НЗМ-нің баспасөз қызметкері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.