Home » Мақалалар » АБАЙ – ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

АБАЙ – ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Жаңақорған аудандық жалпы білім
беретін кешкі мектебінің
 қазақ тілі және әдебиет пәнінің
мұғалімі  Байтенова Айман Байболқызы

Аңдатпа

Бұл мақалада жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының  шығармаларының құндылығы мен мәні сөз етіледі. Уақыт өткен сайын оның асыл мұрасы әр қырынан өсіп өркендеп отыратын мұра болып, біздің санамызда орын алады.
Түйін сөздер: Абай, шығармашылығы, әдебиет, тәрбие, поэзиясы
Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш — Абай сөзі, Абай аты боларға керек…Ең жоғары, ардақты орын — Абайдікі.
Міржақып Дулатов

Дана халқымыздың мынадай аталы сөзін барлығымыз естіп өскеніміз рас, «Өлмейтұғын артынан із қалдырған» — деседі. Ал бұл сөздің мағынасы артында елге мұра боларлықтай сөзі мен ойы бар, айтқан өсиеті бар, дұрыс жолды нақтылап, адамдарды ізгілікке шақырған  тұлғаны  «Адам  өлді» дегені  бекер – ақ. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы өзінің жарқын бейнесімен, жалынды жырларымен, өнегелі өмірімен, үлгі боларлық ұлағатымен бізбен бірге өмір сүріп келе жатқанына міне – 175 жыл болыпты. Ол өткен заманның , кешегі түркі дүниесінің тынысы болса да, оның әрбір лебі, әрбір үні – заман тынысы, халықтың үні бола бермек. Абайдың мол мұрасына шолу жасаған ізденімпаз ұстаздар мен білім мен ғылымды, Абайды тануға, оның ілімін бойына сіңіруге асыққан оқушылар тым көп — ақ.
Ұлы Абайдың асыл  мұрасы — халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоймайтын рухани бағалы қазынасы, зерттеудің көзі болып табылады деп білемін. Абайды тану, білу, «Нағыз адам» болуға ұмтылу, оның асыл мұрасын бағалау, насихаттау, оқыту, зерттеу – әрбіріміздің абзал ісіміз болуы керек. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Осы орайда,  болашақ  ұрпаққа  сапалы білім, саналы тәрбие беруде, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына  ықпал ететін, қоғамымызды  ілгері жетелейтін бұл – біз, мұғалімдер. Ал, Абайдың мұрат — мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру, бойларына дарыту абыройлы борышымыз болмақ[1].
Абай — жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Оның әрбір шығармасы, өлеңдері, өсиеті мен қара сөздері бұрын – соңды қайталанбаған, ерекшелігімен, өлең құрылысымен, көркемдеуіш құралдарымен оқырман жүрегін жаулады, ерекше қайрат пен рух берді.
Абай жастарға көптеген өсиеттер қалдырды, ілім алуға шақырды:

  • жастарды желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмауға;
  • өнерді үйренуге, табиғатты тануға;
  • ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.

Сондай – ақ, Абай   өз шығармаларын, өзінің адамгершілік, әлеуметшілік, ағартушылық ойларын айтуда оқырманға жеткізуде мынадай педагогикалық тәсіл қолданады:

  1. Оңайдан қиынға қарай
  2. жақыннан жарыққа қарай,
  3. қызықты, күлкілі жайдан үлкен қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді.

Абай өскелең ұрпақты үнемі еңбекке, оқу-білімге шақырып отырды. Оның шығармаларының мәні, мақсаты, бағыты , ол – «Толық адам».  «Толық адам» Абай арманында білім мен өнерге етене жақын, ғалым болуға құмарту, жылы жүректі, ақылды да парасатты бола білу,еңбекқор, әділетті тұлға. Ал махаббатпен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, әділетті сүю- Абай шығармаларының биік мұнарасы. Оның келер ұрпаққа мәңгілікке өсиет етіп қалдырған – қара сөздері. Абай қара сөздерін көпшілік оқушы, тыңлдаушысымен әңгімелеседі.
Қара сөздерінде:

  • Адамгершілік мәселелерінен; әділет, ақтық, турашылдық, шындықты, сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбектің бағалағыштық сияқты жайларды айтады.
  • Адамдық, жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші — өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездерді баяндайды.

Міне, осы сипаттарды әр қазаққа түсіндіріп береді. Абайдың жастарды білім алуға, білімге, ғылымға, адамгершілікке үндеген педагогикалық ойлары шығыс ғұламалары Әл-Фараби, Әлішер Науаимен, Ғ.Дауанимен сабақтас, өзектес келеді.Ұлы ағартушы өз айналасындағы әдіслетсіздіктерді көре отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс әсері бар екенін байқап, жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған. Ол өзінің бар ойын жастарға, келер ұрпаққа арнады.
Оның шығармаларының негізгі мақсаты – адам тәрбиесі. Ол өзінің шығармалары мен де, ойларымен де, адамзатты, жастарды, келер ұрпақты үнемі еңбек пе адамгершілік, өнер мен білім, өнегеге , парыз бен қарыз сынды асыл қасиеттерді ұғынуды дәріптеді.
Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай әрдайым ізденісте болып, ағарту ісін одан әрі дамыту үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін қазақ жастарына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Абай өлеңдері – мазмұны мен түрі біріне-бірі сай , ең асыл сөзді поэзия . Ақын поэзиясы мазмұны жағынан қандай салмақты болса, түр жағынан да сондай көрікті. Абай өлеңінде артық сөз, орынсыз пікір кездеспейді.
Оның шығармаларының негізгі мақсаты – адам тәрбиесі. Ол өзінің шығармалары мен де, ойларымен де, адамзатты, жастарды, келер ұрпақты үнемі еңбек пе адамгершілік, өнер мен білім, өнегеге , парыз бен қарыз сынды асыл қасиеттерді ұғынуды дәріптеді.
Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана – нағыз Адам деп ойлаймын. Орыстың ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тәрбие пәні қақында» осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді[5].
«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге» — деп, білімнің негізі – еңбек пен талапта екендігін,еібек етуге, адамгершілікті болуға, ғылымды сүюге шақырады[7].
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсан арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан» — деп, кез-келген адамның осы өмірде атаулы орны бар екендігін, өз орныңды адаспай табу білуге, көрсеқызарлықтан сақтануға шақырады.
Қорыта келе, Абайдың әрбір шығармасын сараласақ, әрбір сөзіне үңіліп, мән-мағынасын ашуға ұмтылу – бұл жастардың ең ізгі ісі болар еді. Себебі, Абайдың асыл мұрасы – алтыны таусылмас кен. Оның өскелең ұрпаққа берген осындай өнегелі сөздері, өлеңдері, қара сөздері – барлығы дәл қазіргі уақытта да айтылуы керек дүниелер.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұқанов С. Халық мұрасы. А., Жазушы, 2002, -304.
  2. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. А., Білім, 2000, -248.
  3. Н.Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., Ғылым, 2001, -448.
  4. Ахметов З. Абайтану белестері. // Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995,-272 ,
  5. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. А.-, Жазушы, 1980, -312.
  6. Абай және қазіргі заман. А., Ғылым, 1994, -336.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.