Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№190 бөбекжай-балабақшасында
“Астығы мол-Алтын күз” атты күз мерекесі аталып өтті.
Күз — жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз — байлык, молшылық. Күз дегеніміз — қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс — жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады. Сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Бұл іс-шараға балабақшаның барлық тәрбиеленушілері мен топтары қатысты. Іс-шарада балалар өлең жолдарын нақышына келтіріп орындап, күзге қатысты ән айтты, күзгі вальс пен би биледі және сахналанған көрініс те қойды. Мереке барысында “Күз ханшайымы мен күз ханзадасы”, “Үздік киім үлгісі”, “Үздік күзгі дәм”, “Үздік өнер”, “Үздік қолөнер” атты номинациялар бойынша үздіктер анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Осы орайда айта кететініміз, бүлдіршіндердің ата-аналары да барынша мерекеге ат салысты.
Үйрену мен еңбек етуден шаршамайтын ата-аналарға үлкен алғысымызды айта кетсек дейміз. Сондай-ақ балабақша түрлі-түсті жапырақтармен безендіріліп, жылдың осы керемет уақытының қайталанбас атмосферасы көрініс тапты.
Ата-аналар да риза боп, балабақшаның меңгерушісі мен әдіскеріне, әр топтың тәрбиешілері алғыстарын айтып тасқасты.
«Молшылық пен тоқшылықты дәріптейтін бұл мезгілді сұлулығы мен ерекшелігін тәлімгерлерімізге барынша түсіндіреміз. Жанға жылулық сыйлайтын ертегілер оқып, бояу мен қылқаламның көмегімен әдемі көріністерді қағаз бетіне түсіртеміз. Ара-арасында даладан түрлі пішінді жапырақтарды жинап, оны да пайдаға асырып жүрміз. Басты мақсатымыз, әрине, бүлдіршіндеріміздің санасын танымдық ақпараттармен толтырып, олардың ойында күздің байлық, береке, молшылық, шаттық, қуаныш екенін ұғындыру. Біздің басты мақсат – кішкентайларымызға сапалы білім мен тәрбие беру, оларды жетілдіру арқылы ата-аналармен барынша тығыз қарым-қатынас ұстау», — дейді №190 бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Мошекенова Айман Русланқызы.
Бізде сіздерді молшылықтың бастауы күз мерекесімен құттықтаймыз!
Әр үйдің дастарханы әнге, қоймасы дәнге толы болсын!
«BILIM AINASY»
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы