Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,
№118 бөбекжай-балабақшасында
“Әкем, анам және мен” атты спорттық отбасылар сайысы өтті.
Сайысқа ересек «Ақкөгершін» тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналарының арасында өткізілді.
Бүгінгі сайысқа 4 отбасы қатысты. Олар “Мықтылар” және “Батырлар” командаларына бөлінді.
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй мен батылдық сыйлап, жеңіске деген жігерлерін арттыру мақсатында сайыс таңғы жаттығудан басталды. Сергіту жаттығуларын жасап, дене қыздырып алған ойыншылар сайысқа алғашқы кезеңнен-ақ белсене кірісті.
Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді. Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Жарыс барысында топ мүшелері бағдарламаның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, ептіліктері мен спорттық шеберліктерін таныта білді.
Сайысты бағалап, төрелік айтқан әділқазылар алқасы №118 бөбекжай-балабақшасының әдіскері: Оспанова Гульнар Сагидолдақызы, медбике: Арипова Айнур Акрамқызы және тәрбиеші Тусупбекова Толқын Куанқызы.
Әр кезеңнен кейін әділқазылар алқасы өз бағаларын берді.
Сайыс қорытындысы бойынша “Мықтылар” және “Батырлар” топтары тең нәтиже көрсетіп, достық жеңіске жетті.
Сайысқа қатысқан әр отбасы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бүгінгі сайыс ұйымдастырушысы әрі
дене нұсқаушы Рахмет Олжас Ахметұлының еңбегіне жеміс тілейміз.
Балабақша мен отбасының ынтымағын арттырып, балаларға қуаныш сыйлаған бұл жарыс болашақта жалғасын табарына сенеміз.
Арнайы Білім айнасы үшін
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы