Home » Балабақша » 25 қазан — Республика күні

25 қазан — Республика күні

Алматы қаласы, Алатау ауданы,
Ай Күн балабақшасының құрылтайшысы
Турегелдиева Нурсулу Жанысбайқызы

25 қазан — Республика күні

Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан «Ай Күн» балабақшасында ұлттық мереке — Республика күні аталып өтті. Мемлекет үшін маңызды қадам жасалған тарихи күннің қадір-қасиетін кішкентай бүлдіршіндерге ұғындыру, отансүйгіш азамат тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға балабақша ұжымы ерекше дайындалған.
     
“Алматы -Арена” аталатын спорт кешеннің алаңына барып “Қазақстан — Отаным!”, “Республикам — Қазақстаным!” деп ұрандатқан бүлдіршіндердің шырқаған әні мен жатқа айтқан тақпақтары көз сүйсіндіреді. Олар бар өнерін ортаға салып, патриоттық әндер орындады. Шараға «Бәйтерек», «Балауса», «Қарлығаш» топтарының бүлдіршіндері, сонымен қатар осы балабақшадан түлеп ұшқан түлектер — бүгінде мектепте білім алып жүрген оқушылар жиналды. Жалпы алғанда 85 бала бүгінгі мерекелік шараға өз үлесін қосты. Сан жылдар бойы азаттықты көксеген ел үшін бұл күннің орны ерекше. Тарихи күннің мән-маңызын түсінген балалар “Қазақстан туын көкте желбіретем, мен өз Отанымның мақтанышымын!” деп жарыса сөйлеп, ойларымен бөлісті.
— Мен осы балабақшаның меңгерушісі ретінде өз бүлдіршіндерімді мақтан етемін. Олардың әрдайым мерекелік көңіл күйде өнер көрсетулерінің куәсі болып жүрмін. Республика күні қарсаңында әр бала патриоттық сезіммен жан-жақты өнерлерін көрсетуде. Толқып тұрмын. Балабақшамыздан түлеп ұшқан оқушы балапандарым да бүгінгі мерекеге атсалысуда. Олардың есейгендерін көру мен үшін де, ұжым үшін де үлкен бақыт. Жалпы бұл мерекені жыл сайын өткізу үрдіс болып қалыптасқан. Амандық болса бұдан әрі де жалғаса бермек, — деп ойын түйіндеді меңгеруші Бекетова Нұрсұлу Жанысбайқызы.
     
Бүгінгі іс-шара барысында балалар тек ән айтып, би билеп қана қойған жоқ. Сонымен қатар өз деңгейлеріне лайықталып дайындалған сұрақтарға да жауап берді. Балапардардың қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беруі — тәрбиешілердің арқасы деп білу керек. Осы тұста ұлттық тәрбиені де, патриоттық сезімді де балалар бойына сіңіре білген балабақша ұжымының еңбегін атап өткен жөн. Олар балалардың болашағынан үлкен үміт күтеді, сондықтан жан-жақты етіп тәрбиелеуде аянбай тер төгіп жүр. Балалардың былдырлаған тіліне біз де сүйсініп, есті сөздерін естіп марқайып қалдық. Мереке соңы флешмобпен аяқталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.