Home » Мақалалар » «Оқу үрдісіне Visio бағдарламасының элементтерін енгізу» атты Финляндия елінен алған халықаралық тағылымдама бағдарламасын іске асыру

«Оқу үрдісіне Visio бағдарламасының элементтерін енгізу» атты Финляндия елінен алған халықаралық тағылымдама бағдарламасын іске асыру

Алматы қаласы, білім басқармасына қарасты “Көлік және коммуникация колледжінде” қалалық семинар өтті.
Бұл семинарға құзыреттілік қаладағы колледждің оқытушылары қатысты. Ең алдымен семинардың ашылуында құттықтау сөз АМКК-нің директоры Магазов Е.Д.
мен Алматы қаласы Білім басқармасы ББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері Дайырманова Д.С.
сөз берілді.
Жалпы семинар туралы қысқаша анықтама бере кетсек.
Алматы қаласының білім басқармасы мен Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің арнайы пән оқытушылары мен шеберлері 2023 жылдың қыркүйек, қазан айларында шетелдік тағылымдамадан өтті.

Тәжірибе қорытындысы бойынша «Автоматтандыру және телемеханика және темір жол көлігін басқару» және «Темір жолдардың электр жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтарының оқытушылары «Темір жолдардың электр жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және жөндеу» мамандығы бойынша алған білімдерін саралай отырып, жобаларын әзірлейді. Жобада Финляндияның білім беруді дамыту тәжірибесінің элементтері, мұғалімдер мен студенттер арасындағы психологиялық қарым-қатынастар және техникалық білім беру саласындағы білім көрсетілді. Осылайша колледж оқытушылары теориялық білімдерін саралап, практикалық дағдыларды меңгерді. Осының барлығы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға ықпал етті. Финляндия елінен тағылымдамадан өтіп, білім саласына керекті өмірлік азық жинақтады. Алматы қаласының білім басқармасы мен Алматы қаласының әкімдігіне шет елге барып білім шыңдауға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
     

Семинар барысында Нуржанова Г.Е, Габдрахим А.С “Арнайы пәндерді жүргізуде, дипломдық және тәжірибелік жұмыстарды орындауда жобаны жүзеге асыру” жобасы бойынша сөз қозғады.
 

Жоба бойынша студенттердің көзқарасы
Оразбай М. “Жобаның нәтижесі бойынша студенттердің көзқарасы” тақырыбында ойын айтты.

Жобаның қажетті ресустар мен жобаның даму перспективалары Темирбекова Р.Б “Жобаға қажетті ресустар мен жобаның даму перспективалары” туралы айтты.

“Жоба бойынша жасалған әдістемелік жұмыстар” туралы Салимова С.Н таныстырды.

«Электр монтаждык жумыстар бойынша
жобанын колледж шеберханасында
жузеге асырылуы» Баянов Ж.Н “Электр монтаждық жұмыстар бойынша жобаның колледж шеберханасында жүзеге асырылуы” бойынша сабақтарын көрсетті.

Семинар соңында қонақтарымыз семинар туралы өз ойларын айтып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.