Home » Жаңалықтар » Еркіндігі Елімнің!

Еркіндігі Елімнің!

Мекені бұл Бабамның,
Құлашын жайып Отаным.
Ашық аспан еркіндік,
Ұлан ғайыр жерімнің.

Ұлтың рухы көк байрақ,
Зау биіктен тұр жайнап.
Ата-жұртың арманы,
Ғұмыры ұзақ Ел болад.

Қазақ деп соққан жүрегім,
Киелі менің мекенім.
Азат елде арысты,
Ұлтым менің намысты.

Ұлы қазақ еліміз,
Тұнған тарих жеріміз.
Бірлік туын жамылып,
Тарлан дала жолымыз.

Ата-мұра шежіре,
Жүрек согад елжіреп.
Ізгі нұрын себелеп,
Арғы тектің тілегі ед.

Топырақ ыстық туыммен,
Иіс қазақ еліммен.
Сыры бөлек дәуірім,
Баянды болсын ғұмырың.

Алтын күнмен қыраным,
Тарихы терең тағдырың.
Салт-дәстүрмен ұштасып,
Сан ғасырғы Елімнің.

Асқаралы адамзат,
Мәңгі Қазақ жас ұрпақ.
Ұшан теңіз жерім бар,
Өркениетті елім бар!

 

Әкімов Олжас,
Казақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.