Home » Білім және тұлға » Ұстаздың ұлы арманы

Ұстаздың ұлы арманы

Ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Ұлы педагог Ы. Алтынсарин  «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланып келе жатқан Гүлмира Әбдіғаниқызы жайлы бүгін  ерекше ілтипатпен сөз қозғамақпын.

Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Гүлмира апайдың   өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге.  Мұғалім болсам деген ақ  арман  мақсатқа ұласып, жас қызды мектеп бітірісімен Қызылордадағы педагогикалық институтқа  жетелеп ап келді. 1993  жылы институттын бітіріп жоғары білімді жас маман қолына  жолдамасын алып  Шиелі  ауданы, Жөлек ауылындағы № 152  мектепке мұғалім болып орналасып, алғашқы ұстаздық еңбек жолын бастайды.»Жас келсе – іске» дегендей, аз ғана уақытта жас маман аталмыш мектептің тәжірибелі ұстаздарынан мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп, оған өз талпынысын қосып, ұжым ортасында беделді бола білді. 2005-2011 жылдары Алматы облысы, Қарасай ауданындағы  К.Д.Ушинский атындағы орыс-қазақ мектебінде орыс сыныптарына сабақ беріп, педагог-ұйымдастырушы қызметі де абыроймен атқарды. Гүлмира Әбдіғаниқызының қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін де оқушылар үшін де үлгі боларлық.    Туған жердің топырағы әркімге  қашанда ыстық демекші, Гүлмира Әбдіғаниқызы  бұл күнде еңбек жолын туған жеріне кеп жалғастыруда.
Әлихан Гүлмира Әбдіғаниқызы еңбек ететін  №152 қазақ орта мектебінде өнегелі ұстаздар мен үздік шәкрттер ел мақтанышына айналып жүр.

      Гүлмира апай жетекшілік ететін 10 «А» сыныбы өткен оқу жылында «Үздік зияткер сынып — 2019» номинациясын жеңіп алды. Сыныпта намысшыл, білімпаз, зерек оқушылар басым. Олар ұйымшыл, мақсаткер, кез келген сайысқа қатысуға, жүлделі орын алуға құлшынып жүреді. Ізденімпаз, өнерлілері де жеткілікті. Мектептегі алдыңғы қатарлы сыныптардың бірі және бірегейі. Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жетістіктері бар. Мектеп мақтанышына айналған шәкірттерінің бірі Жаханшаева Хадиша  2019 жылы   Республикалық «Ұлан» басылымының шығармашылық байқауында  І орын және   Шиелі аудандық білім бөлімі мен «Samgau» оқу орталығының пәндік олимпиада жеңімпазы  атанды.  Сонымен бірге  Өмірбекқызы Ақниет   2019 жылы  аудандық «Латын әліпбиі – қазақ тіл білімі тарихында» тақырыбындағы ғылыми жоба байқауында Алғыс хатқа және 2018 жылы  аудандық «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде мәнерлеп оқу сайысында І орын алса, сол жылы  www.iQcenter.kz  интеллектуалды білім порталы мен Республикалық «Ұлан» басылымы республикалық  шығармашылық байқауда «Ақын жүрек» номинациясы бойынша үздік ІІ орын алып марапатқа  ие болды.

Ал, бүгінгі кейіпкеріміздің жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерінің өзі бір төбе.

 

  • 2017 жыл. Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің Құттықтау хаты.
  • 2018 жыл. Халықаралық «Солнечный свет» педагогикалық порталында «Новые вожможности преподавания и обучения русскому языку» атты мақаласы жинаққа енген.
  • 2018 жыл. “Үздік сындарлы сабақ — 2018” кәсіби байқауының аймақтық кезеңінде кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденіс танытқаны үшін 2-орын, облыстық II дәрежелі Диплом.
  • 2018 жыл. Аудандық “Үздік сындарлы сабақ — 2018” кәсіби байқауының аймақтық кезеңінде кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденіс танытқаны үшін 2-орын Дипломы.
  • 2019 жыл. «Шиелі аудандық білім бөлімі» КММ және Шиелі аудандық «SAMGAU» орталығының пәндік олимпиадасының Дипломы.
  • 2019 жыл. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің Құрмет грамотасы.
  • 2019 жыл. Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті жұмысы мен bilimainasy.kz сайтына қосқан шығармашылық үлесі Құрмет грамотасы.
  • 2019 жыл. Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтындағы мақалаңыздың жоғары қаралым саны мен өзектілігі үшін Мақтау қағазы.
  • 2019 жыл. Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтының жұмыстарына атсалысып, бірлікті, шығармашылықты, білімділікті насихаттап, «Білім айнасы» ұжымымен ынтымақтастық орнатқаны үшін Алғыс хаты.

Осындай қиындығы мен қуанышы қатар жүретін мәртебелі мамандықты абыройына  дақ түсірмей алып жүрген Гүлмира апайымыз  мерейлі ұстаз. Ұстаз қашанда ұлы тұлға.

 

                                                                        Анар Елеусізқызы

Қызылорда облысы

BILIM AINASY

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.