АЗАМАТТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУДА
КӨМЕК КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА «QOLDAU» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес, Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда көмек көрсету мақсатында «Qoldau» акциясы өткізілді.
Акцияның басты мақсаты азаматтарға, кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша көмек көрсету, кеңес беру болып табылады. Акция барысында азаматтарға дәл сол орыннан мемлекеттік қызметтерді алу бойынша элеткронды өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ акцияға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшылық құрамдағы және мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын басқа да қызметкерлері қатысты. Бұдан бөлек, акцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Мақсат Мұратбекұлы Жаңбыршиев және бас маман Назым Қайратқызы Аринова қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу тәртібі сияқты бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері бойынша кеңестер берілді.
Бұндай іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес алдағы уақытта барлық аудандық басқармаларда және Департаментте өтетін болады, бұл туралы алдын ала Департаменттің интернет-ресурсында, «instagram», «facebook» әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлама орналастырылады.