Home » Айтарым бар » Орыс тілі пәніндегі заманауи оқу үрдісі

Орыс тілі пәніндегі заманауи оқу үрдісі

Қазіргі заманда сабаққа қойылатын талаптар мұғалімнен шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалдарды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцзийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, орындасам түсінемін» — деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі.

Орыс тілінде сөздік қорын көбейту үшін тақырыптық суреттермен жұмыс жасаған өте тиімді. Оқушыларды төрт топқабөле отырып, оларға суреттері бар кубиктер беріледі. Суретпен жұмыс жүргізудің бір түрі — кубиктер. Кубиктің алты беті болады, сол алты бетіне тақырыпқа байланысты суреттер қоямыз. Кубикті лақтырып қалған кезде қайсы беті түссе, сол бетін суреттейміз. Топтар кезек-кезек кубик лақтыра отырып, тапсырманы орындап отырады. Мысалы, жан-жануарлардың суретін әрбір бетіне саламыз. Оқушылар сол жануардың атын, сын-сипатын айтып беру керек.
Бұл кубиктер орыс тілін жаңадан бастағандарға арналған бастапқы этапта пайдаланатын кубиктер. Келесі кубиктер күрделірек.

Әрбір бет бір-бір тақырыпқа арналады. Мысалы: бірінші бетте киім-кешектер болса, екінші бетте ыдыстар, үшінші бетте жеміс-жидектер, төртінші оқу құралдары, бесінші үй жиһаздары, алтыншы табиғат бейнеленеді. Кубикті лақтыру арқылы тапсырмалар беріп оқушылардың барлығын дерлік сабаққа жүмылдырып, қызықты өткізуге болады.

Сабақта бір сарынды ұзақ жаттығулар мен ұзақ оқытулар оқушыларды жалықтырады, сондықтан да оқыту тәсілінің бірі ойын элементтерін пайдалану оқушылардың сабаққа деген жалпы шет тіліне деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырады.

Сабақта мен бастауыш буындарда мынадай ойын элементтерін пайдаланып өткіземін. Келесі ойын сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша ойын жүргізуге болады. Мысалы, [әе] дыбысына. Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады. Қай топ көп сөз айтса, сол жеңеді.

«Қатесін түзе» ойыны – Бұл ойында берілген сөздің қатесін табу керек. Яғни, қайсы әріп дұрыс қойылады.
«Күн сәулесі» ойыны – Қажетті сөзді тиісті тақырыпқа пайдалану (Венн диограммасы)
Бұл ойын күн сәулесіне адамның мінез-құлықтарын жазып толтырамыз. Күннің әрбір шуағына әр оқушы бір мінез түрін жазып, кеспе қағаз оқушыдан-оқушыға өте отырып, соңында өз иесіне қайтады. Бұл ойын арқылы оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.

«Сөздерді толықтыр» – Бір сөзден келесі жаңа сөз табу (зат есімнен – етістікке айналдару т.б.с.с.).

Орыс тілді оқытуда мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды.

Қорыта айтқанда оқу процесін жеделдетумен байланысты шет тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолданбау керек деген емес. Қайта бұл әдістеменің дамуына негіз салады.

Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты.

Нурсейтова Салтанат Нурадиловна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.