Home » Мақалалар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА: БАЛАБАҚШАЛАРДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗГЕШЕ БАҒЫТЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА: БАЛАБАҚШАЛАРДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗГЕШЕ БАҒЫТЫ

 Ыбышева  Динара Кемельбаевна
Жамбыл облысы  Қордай  ауданы  Қордай ауылы
«Жұлдыз » балабақшасының  әдіскер
і

    Қазақ халқы қашанда ұрпағының ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, бабаларымыз қасық қаны қалған тәуелсіздігіміз үшін күресті. Ұлан байтақ жеріміздің тыныштығын сақтап, уақтылы оңтайлы шешім қабылдаған тұлғаларымыз да жетерлік. Тәуелсіздік алған тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз еңсесін тіктеп, алға қарай қадам басты. Ал қазір жаһандану заманы, сондықтан күннен күнге өзіңді жаңартып отыруға тиіссің.
    Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауларында білім саласы мен жастар тақырыбын айналып өтпеді. Соның соңғы легінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатында үштілділік және жаңартылған бағдарлама бойынша балаларға білім беру турасында айтылды. Бала – біздің болашағымыз. Олардың болашақта мықты маман иесі болғанын қаласақ, білім нәрімен сусындатуға міндеттіміз.
Балабақша – бақыт мекені. Балалар өздерімен қатар достарымен бірге көп дүниені үйренеді. Ойына тоқиды, санасымен қорыта алады. Әрбір тағылымдық тәрбие сағаттан соң, өздеріне титтей де болса тиімді жағын алады деп айта аламын.
«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқалады», – дейді Абай. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие де балаларымызды білімге баулуда қателеспеуіміз қажет. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде болып табылады. Жаңартылған бағдарлама бойынша балаларға білім беру басты міндеттеріміздің бірі. Айлық баланың өзіне жаңа ойыншық берсеңіз, онымен ұзақ уақыт ойнайды. Ал балабақшада да балаларға жаңа үрдіспен білім берсеңіз, өзгеше етіп қызықтыра білсеңіз болғаны. Әсіресе мультимедиялық технологияларды қолдану,  видеолармен түсіндірсеңіз оның санасында көбірек сақталады. Сонымен қатар түрлі түстер арқылы, ойын ойнату арқылы түсіндіруге болады. Балаға баланың тілімен сөйлеңіз, сонда оның ой-өрісінің дамуына көмектесе алатынымызға кәміл сенімдімін. Қазіргі уақытта әлемнің елдерімен тереземізді теңестіру үшін, алпауыт мемлекеттермен қатар дамығымыз келсе білім алу мен білім беруде аянып қалмағанымыз абзал.
Мектепалды даярлықтағы балаларға педагог жаңаша бағытпен білім бере алуымыз керек

  • Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптар арасындағы байланысты орнату
  • Әрбір баланың ерекшелігін тану, соған байланысты тапсырмалар беру
  • Балалардың ойының дамуына арналған жаңа әдістермен жұмыс істеуге дағдылану
  • Іс-шаралар барысында білім көкжиегінің кеңдңгңн таныту
  • Отбасымен тығыз байланыста болу, баланың жайын анықтау, отбасы туралы ақпараттарды толық білу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі.
«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда (МДҰ жанындағы шағын орталықтарда):
-1 қыркүйектен 30 мамырға дейін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес тәрбиелеу – білім беру процесі іске асырылады;
-1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі.
Жаз айларында білім беру процесінің мазмұнын қайталау жүргізіледі және шығармашылық, ойын, тәжірибелік-эксперименттік әрекетке ерекше назар аударылады.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесінің мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Білім беру процесінің негізгі міндеттері:

  • мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
  • мектепке дейінгі ұйымда балалардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін жағдай жасау;
  • коммуникативтілік, креативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық және командада жұмыс істей білу дағдыларын меңгеру;
  • балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу.

Жоғарыда көрсетілген әдістемелік нұсқаулық хат бойынша жұмыс атқарып келеміз.

    Қазіргі таңда ақпарттық технологиялар заманы. Әрине рухани құндылықтар бірінші орында. Бірақ жаңашылдыққа ұмтылып, білімнің бағытын өзгеше қарастыруға болады. Яғни ескіні жаңаға ауыстырған жөн. Түрлі ойында мен бағдарламалар арқылы бала санасына әсер ететін түрлі дүниелерді тәрбиешілер үйренуі тиіс деп білемін. Ол үшін тренингтерге және біліктілігін арттыратын оқуларға баруын құп көремін.

Білім ұрпақ – ел болашағы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.