Home » Балабақша » Ерекше білімді қажет ететін балаларға-ерекше қадам

Ерекше білімді қажет ететін балаларға-ерекше қадам

КМҚК №150 бөбекжай-балабақшасында қалалық семинар өтті.
Іс-шараға Маханбетова Агима Абиловна, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы, Алатау ауданы білім бөлімінің бас маманы Зейтова Мәншүк Сапиновна, Алматы қаласы Алатау ауданы КМҚК № 150 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Абдижаппарова Салтанат Нұғмановна, Алматы қаласы Алатау ауданындағы №1 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Қарабалаева Қымат Әлімбайқызы және балабақша тәрбиеленушілері мен меңгерушілері және ата-аналар қатысты.
Балабақша меңгерушісі Абдижаппарова Салтанат Нұғмановнаның айтуынша, семинарды өткізудегі басты мақсат — ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықты дамыту, арнайы мектепке дейінгі ұйымның оң тәжірибесін тарату.
   
Балабақшада ерекше білім беруді қажет ететін бірнеше бала бар. Білікті тәрбиешілер, дефектолог, логопед, педогог мамандар осы балалардың көпшілік ортаға бейімделуін, дұрыс қалыптасуын, қатарынан қалмай білім алуын қадағалап аянбай еңбек етіп келеді. Инклюзивті білім беру әр балаға қажет, сондықтан тәрбиешілер сурет салу, құм терапиясы, алақан жаттығуы, арт терапиясы, тастармен және ермексазбен жұмыс істеу әдістерін қолдана отырып, жаттығуларды түрлендіре отырып жасатып көрсетті. Салтанат Казакбаеваның әдіс-тәсілдері көпшілікті тәнтті етті. Сонымен қатар музыка пәні жетекшісі Наурызбаева Астана Сейталиевна көпшілікті ойынға шақырып саусақ қол моторикасын дамытуға бағытталған қолғап ойыны қызықты өтті.
   
Семинар барысында қонақтарға балабақша іші көрсетіліп, экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда түрлі бөлмелерді көріп таңқаласың. Арт терапия, арт терапия триз технологиясы өте қызық. Меңгеруші Салтанат Нұғманқызының идеясынан туындаған фальгамен қапталып, түрлі жарық шамдармен безендірілген тыныштандыратын бөлме кез-келген жанның қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Кішкентай бала да, ересек адам да осы бөлмеде тынығып, демалып әрі массаж ала алатын мүмкіндік бар. Ата- аналар мен жиналған қонақтарға да осы бөлме қызық болды. Бәрі бөлменің жабдықталуымен етене танысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, жауабын алды.
   
Одан кейін психолог маман Казакбаева Салтанат Кайратовна мен дефектолог Саткынбаева Гулим Даулеткелдиевнаның жетекшілігімен апельсин аршу сияқты ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатындағы баламен жұмыс көрсетілді. Бұл жаттығу үшін әр түрлі жеміс таңдалады екен, бұл жолы апельсин таңдалған екен. Балалар, жемістің қабығын аршылып, түсін, дәмін, жұмсақтығын, ерекшелігін сипаттап берді. Апельсиннің суретін салып оны түймелермен көмкеріп әсемдеді. Балабақшада түймемен жұмыс жақсы жолға қойылған. Жұмыстарының басым бөлігін түймені қолданып жасаған. Түймеден жасалған көптеген көркем дүниелер балабақша бұрыштарынан орын алып тұр.
    
Құстар бұрышын елемей өту мүмкін емес, шырылдаған құстардың үнін есту бір ғажап әсерге бөлейді. QR кодты қолданып таңдаған құс туралы мағлұмат алуға болады. Кез келген адам осы тәсілмен құстар әлеміне саяхат жасай алады. Білімді де шебер тәрбиешілер мен педагогтар жиналған ұжымның семинары өнерлі балалардың әсем әнімен жалғасты. Алматы қаласы, Алатау ауданы КМҚК «№150 бөбекжай-балабақшасы» «Балбөбек» тобының тәрбиеші: Кабдыкамитова Асель Бокенаевна,
МАД «Ақбота» тобының тәрбиешісі: Дулатбаева Роза Кенесовна осы тәрбиешілердің еңбектері орасан зор. Артынан сұрақ-жауап, кері байланыспен өрбіді.

Алматы қаласы, Алатау ауданы
КМҚК № 150 бөбекжай – балабақшасының
әдіскері
Оразалинова Айнур Кайратовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.