Home » Мақалалар » Адалдық – асыл қасиет

Адалдық – асыл қасиет

Бекей Алмагүл
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
«Сапар Байжанов атындағы
№162 мектеп-гимназия» КММ  мұғаліміАдалдық – адам баласының ту ғып көтеретін адал қасиеттерінің негізі, адамгершіліктің биік шыңы. Адамның саналылық, адалдық дәрежесі оның тәрбиесі мен іс-әрекетін айқындайтыны әлдеқашан дәлелденгені белгілі. Халқымыз ежелден адам бойындағы құнды қасиеттерді жоғары бағалай білген. Асыл қасиеттер ата-анадан, жақсы ұстаздан, қамқор достан беріледі.  Бүгін елімізде Республика бойынша «Адалдық сағаты» тақырыбында онлайн тәртіпте сынып сағаттары өтті. Біздің, Сапар Байжанов атындағы мектеп – гимназиясы да бұл шарада белсенділік көрсетті. 10 «Ә» сыныбымен өткен сынып сағатында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қызу талқылау ретінде пікірлерін ортаға салды, ой қорытып, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланды. Адалдықты насихаттау- баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың, өмірде өз орнын табудың аса маңызды бір саласы. Сынып сағаты жасөспірімнің бойындағы адал қасиеттерін ары шыңдауға, елін, жерін көзінің қарашағындай қорғауға бағыттайтын мағыналы сабақ болды.

Аталған тәрбиелік мәні зор тақырыптар тұрғысында әңгіме өрбітудің бала тәрбиесінде беретін пайдасы зор. Жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде адамдарға жақсылық жасау, ондағы адалдық, әділдік, шынайылық, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алатын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы үнемі тәрбиелік сағаттарда айтылып отырады.

Сабақ  адалдықтың бағалы да ізгі қасиет екендігін бағамдай түсетін,  халқымыздың «Шындық жоқ жерде сұмдық көп», «Адамның әдемілігі шыншылдығында» деген ұлылық сөздерімен қорытылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.