Home » Мақалалар » Жас ұрпақ тәрбиесі- жарқын болашақтың кепілі

Жас ұрпақ тәрбиесі- жарқын болашақтың кепілі

Жиенбек Толқынай Бисенбайқызы
 «№13 мектеп-гимназия» КММ-нің  сызу және
технология пәнінің мұғалімі  Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы  Қызылтөбе ауылы

 

 Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін негізгі жүйе. Оның басты өлшемдері өмірге қажетті тұлғаның  жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Біле-білгенге адам тәрбиелеу,өмір сүруге үйрету күрделі шаруа.«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда,оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. «Ертеңін ойламаған елдің келешегі күңгірт,болашағы бұлыңғыр.Ал, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болуы үшін ұрпақ тәрбиесін баса назар аударуымыз керек.

Жалпы тәрбие саласында үш жақты үйлесімділік болуы керек.
Атап айтқанда, мектеп,ата-ана және бала. Аталған үш тарап үнемі жүйелі жұмыс жүргізіп отырса,берекесіз іс-әрекетке жол берілмес еді. Өскелең ұрпақты саналы,сауатты етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының басты міндеті.Қазіргі таңда оқушылардың қоғамдық ақпараттану жүйесіне тереңдей еніп,ата-анамен мектептен алатын тәрбиеге құлықсыздық танытып бара жатқандығы, ақпарат толқынына тұншығып жатқан бала тәрбиесінің отбасы тарапынан ескерусіз қалып бара жатқандығынан осындай кемшіліктер көрініс беруде. Қазақ отбасында ұлттық тәрбие бері тәсілдерін оңтайлы  ұйымдастыру керек.Отбасы-таным бесігі,өркениет ошағы,үлгі-өнеге бастауы.Ғұлама бабамыз Әл-Фараби: «Баланың жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесіктен бастаған абзал», дейді.

Демек бұл іс ата-анаға үлкен жауапкершілікті міндеттейді.Ата-ана  күнделікті өмір тіршілігінде  еңбегі,адамдық бейнелері,жақсы мінез-құлқы дұрыс қатынасы арқылы балаға үлгі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының,  әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы ата-анаға тікелей байланысты. Ата-аналар өз балаларының жан дүниесінжақсы түсінуі,оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін,бала тәрбиесіне қатысты білімі мен біліктіліктерін ұдайы көтеріп отыру қажеттіліктерін түсінуі тиіс. Осы орайда ата-аналар комитетінің  жұмысын жандандыруда халықтық педагогика мен заманауи тәрбиенің ортақ үйлесімділігін таба білу, бала санасына ұлттық тәрбие негіздерін сіңіру керек.
Ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін, адамгершілік қасиеттерін құрмет тұта отырып, «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»- деген қанатты сөздерді туу етіп, болашақты тізгіндер жастарды тәрбиелеу қоғамның басты міндеті. Осы орайда қоғамдық тәрбиенің бала өміріндегі маңыздылығын,балаға ықпал ететін мектеп, достардың әсерін  тілге тиек етіп,бала тәрбиесіне кері әсерін туғызатын факторлардың бірі- баланың әлеуметтік ортада өзіндік статусын білмеуі екендігіне баса назар аудару.Мұндай сипаттағы мәселе шешудің оңтайлы жолы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін негізге ала отырып,бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстарға тарта білу қажет.Баланы қоғамдық жұмыстарға қатыстыруда оның жеке қызығушылығын,қабілетін ескере отырып,қанағаттандыру мақсатында мектеп қабырғасындағы үйірмелермен тығыз байланыста болу тиістігі,сол арқылы баланың  өзін-өзі ізденуге,өзін-өзін басқаруға бейімдейтін зияткерлік,мәдени-іс шараларға арқылы рухани құндылықтарды дамытып,мәдени-іс әрекетіндегі құзыреттіліктерді арттыруға ықпал жасау қажеттілігі жасалғанда ғана шығармашыл тұлға қалыптасады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытындылай келе, тәрбиенің түпкі мақсаты қоғамдағы рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты  мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру бүгінгі күннің  кезек күттірмейтін мәселе деп тұжырым жасауға болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.