Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
№174 мектеп-гимназияның
9 «Ә» сыныбының жетекшісі
Аблаева Айша Дулатқызы
9 «Ә» сыныбымен қашықтықтан «Адалдықты мұра еткен Абай» тақырыбында тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткен тәрбие сағатының мақсаты ұрпақтың бойында адалдық, ар, ұят, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді дамыту, олардың еліміздің адал азаматы болып қалыптасуына үлес қосу болды. Абай өлеңдері мен қарасөздерінде тәрбиеге байланысты адалдық, тура жолмен жүру, елге, халыққа қызмет етуге қарекет ету жайлы көп айтқан, оны асыл мұрат ретінде көрсеткен. Оқушыларға Хакім Абайдың осы гуманистік ойларымен танысу, өз ойларын ортаға салу, осы заманмен салыстыра отырып зерделеу қызықты болды.
Осы мақаланы тапқаныма өте қуаныштымын, өйкені Айша апайымды көріп қуанудамын. Мектеп аяқтағаныма 2024 — 21жыл болыпты. Осынша жылдан кейін Айша апаймен Ташенов Торегали ағайымды көру өте керемет сезім.
Төлегенова Балаусамын.