Home » Жаңалықтар » Мектеп педагог-психологінің баламен жұмыс істеу іс-әрекеті

Мектеп педагог-психологінің баламен жұмыс істеу іс-әрекеті

Ақтоты Жаңабайқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№8мектеп-лицейінің
психологы

Мектептің педагогикалық ұжымы психологтермен тікелей байланыс орната отырып, баланы түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп, біліп түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда ешқандай мектеп балалардың жан дүниесін, ішкі сырын, жеке басының тәртібін, олардың ата-анамен, ұстаздармен қарым-қатынасын, балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасында болатын түрлі конфликтілерді психологсыз шешу мүмкін емес.
Психолог баланың жас ерекшелігіне байланысты:
— психодиагностикалық
—  психопрофилактикалық
—  психокоррекциялық
—  психологиялық ағарту, кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

Аталмыш жұмыстардың мазмұны, оның түрі, формасы балаға оның оқу-тәрбиесіне, жеке басының қалыптасуына, әлеуметтік ортасына және мектептің проблемасына байланысты.

Мектептің іс-тәжірибесіне толық перспективті енген, жұмыстардың бірі-психопрофилактикалық жұмыс болса, өзекті деңгейде психокоррекциялық жұмыс болып табылады. Бірақ мектеп психологының психодиагностикалық жұмысы кез-келген деңгейде жүргізілетін жұмыстың түрі.

Қазақстан мектептеріндегі психолог жұмыстарының іс-тәжірибесін оқи отырып, оны талдасақ мектеп психологтары өз іс-әрекетін бірінші, психодиагностикалық жұмыстан бастайды. Неге?

  • Біріншіден, қазіргі кезде мектептерде психолог шешетін психологиялық проблемалар санының көп болуы.
  • Екіншіден, психодиагностикалық жұмыстың нәтижесіне байланысты психокоррекциялық және баланың жеке басын дамытатын шаралар жүргізілуінде.
  • балалардың танымдық үрдістері олардың жас ерекшелігіне сәйкес дайындалмауы;
  • балалардың мектепке психологиялық жағынан дайындықтарының төмендігі.

Мектеп психологы ретінде өз іс-әрекетімде бірінші сынып оқушыларын мектепке алғашқы қабылдау сәтін сынып жетекшісімен бірлесе отырып ұйымдастырған кезде ең басты көңіл бөлетін мәселем балалардың психологиясы, жеке бастарының қалыптасуы, мектепке дейінгі дайындықтары, таным үрдісінің даму деңгейі

Байқау, бақылау, сынау, әңгімелесу әдістерін пайдаланудың нәтижесінде, бастауыш сыныпқа келетін балаларды танымдық деңгейінің дайындығына және олардың жеке басының қалыптасып дамуына қарай үш топқа бөлдік:

  1. Оқуды түйсініп, қабылдап, есте сақтап, оқуды әрі қарай алып кететіндер. Яғни танымдық деңгейі жақсы балалар
  2. Бірінші аталған топқа қарама қарсы. Яғни танымдық деңгейі нашар дамыған балала
  3. Үшінші топтың балалары өзін қоршаған ортадағы заттарды тануға, ажыратуға қабілеті нашар. Яғни танымдық деңгейлері педагогикалық олқылықтың салдарынан дұрыс қалыптасып, дамымағандар.

Оқу үрдісінде балалар үшін барлық пән маңызды. Дегенмен балалардың ақыл-ойының дамуына бірден ықпал ететін «математика» пәні болғандықтан, зерттеуге алынған балаларға арналған сауалнамалар, тестік тапсырмалар, психологиялық ойындардың мазмұндары математикалық ұғымдармен, түсініктермен байланысты.
Балалардың танымдық деңгейін көтеру мақсатындағы тренингтер:
1) Санай білуге арналған «Баспалдақпен көтерілу» тренингі.
2) Ойлауды дамытуға арналған «Екі қолдың ортасындағы математикалық белгіні ажырату» тренингі
3) Бала ойлауын дамытуға арналған «Аңдарды үйшіктеріне орналастыру» тренингі
4) Зейінді қалыптастыруға арналған «Назар» тренингі
5) Зейінді дамытуға арналған «Тұрақтылық» тренингі

Жаттығудың басында балалар қайта-қайта шатасты. Балалар суреттегі жазуды оқуға көңіл бөлмеді, әрі біздің көрсеткен тапсырмамызды көпшілігі орындай алмады.

Балалардың жаттығу барысында ойынды орындай алмау себебі оларды ременеценциялық (кешігіп еске түсіру) құбылыс басымырақ болды және ол бұл жасқа тән.

Жаттығу бірнеше рет қайталанғаннан кейін ғана балалар тренингтің алдына қойған мақсатты орындауға жаттықты.

Бұл тренингтің практикалық маңыздылығы сонда балалардың затқа деген түсінігін қалыптастырып қана қойған жоқпыз, балалардың заттарды дұрыс қабылдап, ойлай білуіне де көңіл бөлінді.

Мектеп психологының түрлі бағыттағы жұмыстары балалар психологиясынан, мұғалім және ана-аналар проблемаларынан туындайды.

Мектептегі ұжым, ата-ана, оқушымен жұмыс жүргізетін педагог-психологқа қойылатын моральдық-этикалық талаптар:

  1. Қандай жағдайда болмасын психодиагностикалық жұмыстың қорытындысы балаға т.б. кері әсерін тигізбеу керек:
  2. Балаларды диагностикалау арнайы жағдайда болмаса, ол ата-анасының балалардың келісімімен жүргізіледі;
  3. Ата-ана, балалардың тәрбиелеушісі – зерттеу жұмысының деректерімен танысуға құқылы.
  4. Психологиялық кеңес жұмысының т.б. сыры құпия сақталу керектігін естен шығармау.

Психологтың кәсіби этикасының маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызамы. Кәсіби абырой – бұл психологтың өз борышын жан-тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын педагогикалық ұжымның және ата-аналардың түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі – бұл психологтың істері мен әрекеттерінің қозғаушы күші.

Мектеп психологтарының барлығы – абыройдың адамдары. Бұл қасиет өз міндетін, борышын дұрыс орындағанда көрінеді. Психологтың басқа кәсіптен ерекшелігі сол қандай психологиялық жағдайда болмасын қайраттылықты, ұстанымдылықты, өз ісіне жан-тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. Психолог өз кәсіби абыройын ұжым абыройынан бөлуге тиіс.

Психолог абыройы мен ұжым абыройының байланысуы екі жаққа да мақтаныш сезімін туғызады. Абырой психологтың сөзінен, білімінен, жүріс-тұрысынан, жұмысты нәтижелі орындауынан, шеберлігінен, сөзінің, ісінің тұрақтылығынан т.б. жағдайлардан туады. Психолог абыройы барлық кезде қайырымдылықтан туындайды. Балаға, адамға жасаған қайырымдылығыңыз пайдаға негізделмеу керек екенін кезкелген саналы маман білуі керек.

Психолог жұмысында іс әрекеттің қай түрі болмасын оның барлығы жетекші әрекеттер болып есептелінеді.

“Өкінішке қарай, мектеп психологтеріне балалармен жұмыс жүргізуге арнайы уақыт бөлінбеген. Психологиялық көмекке мұқтаж балаларды уақытылы анықтап, көмек бере алмауының да бір себебі осы. Бірақ педагог-психологтар бұл мәселеге қарамай, уақыт тауып, өз жұмыстарын адал және жоспарына сәйкес, мектеп оқушылармен бес бағыт бойынша: психодиагностикалық, консультациялық, профилактикалық, түзету — дамытушылық және ағартушылық жұмыстар жүргізеді”

Жалпы мектептегі психологиялық қызмет, тек қана психологқа қатысты емес, бүткіл мектеп әкімшілігіне  қатысы бар, қызметкер, мұгалімдер бір бағытта балаға қызмет көрсетеді. Әрбір адамның айтқан сөзі, жүріс-тұрысы әрбір тәрбиеге көңіл бөлуі, сабақта тақырыпты түсіндіруі, үйге тапсырмасын сұрауда, барлығында балаға арнайы психологиялық жағдай туғызып отырады. Мектептегі педагог-психолог сол қызметтің жүйелі жағымды баланың мүдесіне қарай   жұмыс жасау керек, балаға қолдау көрсету, баланың жан дүниесін түсінуі, оның оқу-тәрбиесіне, жеке басының қалыптасуына, әлеуметтік ортасын білуі, мектеп психологы баланың қорғаушысы, қолдаушысы екенін, ата-ана білуі керек.  Мектептегі педагог-психолог сол қызметтегі жүйелі жұмыс жасау керек, достар арасында қарым-қатынасы, алайда педагог-психологтың басты мақсаты оқушыға дер кезінде көмек көрсете білу, оның көңіл-күйі, оның жүріс-тұрысы, мінез-құлқында өзгешелік болды ма? Не себепті болды? Жас ерекшелігіне байланысты дамып, өсіп жатқан жағдайда қандай өзгерістер болады, ата-ана білмей, байқамай жатқан ұстаздар елеп-ескермей жатқан тұстарын, психолог маманы бірден байқап дер кезінде ата-анасымен, мұғалімдерімен, сынып жетекшісімен бірлесе отырып, балаға жағымды ахуал беру, соны ата-ана білу тиіс.

Кез келген ата-аналарға,  бір тақырыпта ағартушылық жұмыс, кеңес берілген кезде, біз соны ата-анаға түсіндіре білуіміз керек. Ата-ананың көмекшісі бағыттаушы, оқушының мүдесіне жұмыс жасап жүрген маман психолог екенін білу керек. Көп ата-аналар осыны түсінбей жатады.

Бұл психологтың өз борышын жан-тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын педагогикалық ұжымның және ата-аналардың түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылу деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Абрамова Г. Практическая психология.-М., 2000.
  2. Айқынбаева Г.Қ.«Мектептегі психология мәселелері».- Астана 2005ж.
  3. Большаков В.Ю. Психотренинг. Социодинамика. Игры. Упражнения.-СПб., 2003.
  4. Венгер Л.А., О.М.Дьяченко “Игры и упражнения по развитию умственных способностей  у детей дошкольного возраста”.  Москва “Просвещение”-1999г.
  5. Зимняя И.А. Педагогическая психология.,-М-2000.
  6. Козлов.Н. Лучшие психологические игры и упражнения, -М., 1997.
  7. Практическая психология в тестах, или Как научиться понимать себя и других.-М.:АСТ-ПРЕСС,1999г.
  8. Хрящева Н.Ю., Макшанов С.Н., Сидоренко Е.В. Психогимнастика в тренинге. –СПб., 2001.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.