Home » Жаңалықтар » АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ОНЛАЙН ӨТКІЗГЕН ДҰРЫС

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ОНЛАЙН ӨТКІЗГЕН ДҰРЫС

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ОНЛАЙН ӨТКІЗГЕН ДҰРЫС – Гүлназ Әлімгерей

Танымал тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерей министрлік өкілдеріне ата-аналар жиналысын онлайн жүйеге ауыстыру туралы ұсыныс білдірді. Аталған пікірді журналист бүгін «Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» тақырыбында өткен онлайн-конференция барысында айтты.

Онлайн жиналыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ведомства өкілдерінің, қоғам қайраткерінің, мұғалім және ата-аналардың қатысуымен өтті.

«Жалпы кез келген киындықтың артықшылықтары болады, осындай кезде оның жақсы жақтарын көре білу керек. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде философтар, ақылды болып көрінетіндер көбейіп кетті. Мұғалім, полицей, дәрігер деген үш жексұрын пайда болды. Карантиннің арқасында, керісінше, осы мамандардың қадірін түсіне бастадық», – деді Гүлназ Әлімгерей.

Сонымен қатар, танымал тележүргізуші онлайн білім алу жүйесі дипломы бар, ақыл тоқтатқан, техниканы жақсы меңгерген, уақыты тығыз адамдарға қосымша білім алуға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

Гүлназ Әлімгерей онлайн жүйемен жұмыс істеудің артықшылықтарын айта отырып, мектеп жасындағы 2 баланың анасы ретінде ата-аналар жиналысын онлайн өткізуді ұсынды. «Ата-аналар жиналысына үнемі бір ата-ана келеді, 1-сыныпта қалай болса, 11-сыныпта да солай болады. Уақыты жоқ ата-аналар бар, басқа жағдаймен келмейтіндері бар. Осындай жиналыстардың арқасында қай ата-ананың қатысып, қайсысы қатыспайтындығын көретін едік», – деді Г. Әлімгерей онлайн жиын барысында.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.