Home » Жаңалықтар » Талдықорған қаласынан сөйлеп тұрмын 02

Талдықорған қаласынан сөйлеп тұрмын 02

Адамдар қызықпыз ғой. Жақсының жақсылығын айта алмаймыз, жамандық көрсек айқайлаймыз. «Бір кем дүние» әйтеуір.

Бүгін мен Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы қарапайым балабақша меңгерушісімен таныстым. Кабинетіне кіріп келгенде (басқа жақтан шамалы ашуланып келген едім) ақша жүзі балбырап бүгінгі күннің шуағындай (Талдықорғанда +16 күнмен) жылы леп шашып тұрды. «Япырай» дедім ішімнен. Осындай да жылы жүзді адам болады екен ау. Сонда да іштей күдіктеніп тұрдым. Біреулер қоңырау шалып қойған шығар дегендей. Десе де жақсы маман, өз ісінің майталманы екен. Оған жалғыз мен емес өзіңіздің де көзіңіз жетсін деп бар әрекетті видеоға түсіріп алдым. Сіз де тыңдап көріңіз. Балабақша меңгерушісі емес диктор ма дерсіз.

BILIM AINASY
Талдықорған қаласынан
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.