Home » Балабақша » Ұлттық киім – қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі

Ұлттық киім – қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі

Ұлттық киім — ұлттың сәні. Осыған байланысты елде бірқатар ұйымның қызметкерлері, студенттер мен оқушылар және де балабақша заманауи стильдегі ұлттық костюмдер киіп мерекені жаңа форматта атап өтіп жатыр.

Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлт рухының шағылысы. Ұлттық киім кию бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.

          Бұл – халық рухының бейнесін бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.

Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Сонымен қатар Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететінін де айта кеткен жөн.Ұлттық киім күні бұл салада жаңашыл көзқараспен шығарма-шылық тұрғыда дәстүр мен стильді ұштастыруға ынталандыратын түрлі фестиваль, байқау-лар ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі. Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті сақтауға және насихаттауға мол септігін тигізіп, халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түседі деген үміт бар.

       

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі ол жәй ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-беделін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Сондықтан дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында бүгінгі «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор. Балабақшамызда таңертеңнен бастап басшымыз Ахметжанова Сауле Губайдуллақызы және барлық балабақша қызметкерлері ұлттық киім киіп ата-аналарды, балаларды қарсы алды. Биылғы жылдан бастап балабақшамызда аталған мерекені тойлау дәстүрге айналады.

Сол себептен де сан ғасырлық тарихы бар ұлттық киімдерімізді қастерлеп, келер ұрпаққа жеткізу басты мақсаттарымыздың бірі болмақ.

Алматы қаласы
КМҚК «№120 бөбекжай-балабақша»
әдіскері Аманжолова Айнур Бегимбаевна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.