Ет турамасынан, май, дәмдеуіштерден жасалған, термиялық өңдеуден өткен және тұтынуға толық дайын болған өнімдер шұжық деп аталады. Шұжық өнімдерінің сапасын органолептикалық әдіспен сыртқы түріне, бөлкенің кесілген етінің түріне, ет турамасының консистенциясына, иісі мен дәміне қарай, сонымен қатар ылғалдылығы, тұзы, крахмал және нитрит құрамын химиялық зерттеу арқылы анықтауға болады.
Шұжық өнімін таңдағанда, негізінен шұжықтың түсіне назар аударған жөн. Сапалы шұжық ақшыл қызғылт түске ие болады, егер сатып алушының алдында сұр немесе қызғылт шұжық болса, бұл өндірушілердің бояғыштарды қолданғанын көрсетеді.
Шұжық өнімінде ешқандай жылтыр немесе май болмауы керек, бұл шұжықтың жарамдылық мерзімі өткенін немесе сақтау шарттарын сақтамайтынын көрсетеді. Шұжықтың жағымды иісі болуы керек, егер ерекше емес, жағымсыз немесе өткір иіс сезілсе, онда мұндай өнімді сатып алудан бас тартқан дұрыс. Егер табиғи өнімдерді қаласаңыз шұжық өнімдері «ет дәмімен», «құрамында ет бар» және т.б. жазулар құрамында белгіленбеуі керек. Сондай ақ таңбалауда келесі ақпарат болуы керек:
— Өнімнің атауы;
— Ақпарат дайындаушы кәсіпорынның атауы немесе оның тауар белгісі;
— Өндірілген күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары;
— Стандарттың немесе техникалық шарттардың атауы.
Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сисенов Д.А
Алатау ауданының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Досетова А.К