№40 жалпы білім беретін мектепте 18.03.2024 күні «Ұлттық ойындар – бабалар мұрасы» атты спорттық сайыс өтті. Сайысты мемлекетік әнұранмен ашып, мектеп директорына сөз кезегі берілді. Мектеп директоры Бейсембаева Бибигуль Адигуловна өзінің алғы сөзінде «Наурыз — жыл басы, халқымыз ежелден тойлаған көктем мерекесі. Бұл — халық асыға күтетін аса ерекше мейрам, қыстың ызғары қайтатын, көктем шуағын төгетін сәт. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жаңаратын мезгіл.
Елімізде Әз-Наурызды әрдайым ырысты ынтымақтың бастауына балаған. Алыстаған ағайын Ұлыс күні татуласып, қайта қауышқан. Жұрт бір-біріне ақжарма тілектерін айтқан. Көпшілік ортақ дастарханнан дәм татып, қариялар жастарға батасын берген. Бабаларымыз Наурыз тойын жасампаз еңбектің мейрамы санаған. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Елге пайдасы тиетін игі істер атқарған. Бір сөзбен айтсақ, Ұлыстың ұлы күні — жаңа өмірдің жаршысы».
Қазақстан халқының бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын жеткізуді жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттай отырып ұлттық спортты мектеп оқушылары арасында кеңінен қолдану; Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолданудың маңызы зор.
Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, ептілікке, шапшаңдыққа, салауатты өмір салтына , тазалыққа тәрбиелесе,
Мектеп оқушыларына патриоттық ұлттық тәрбие беруде өтіп жатқан ,мектептің
9-10 сынып арасында АРҚАН ТАРТУ ОЙЫНЫ,
8 сынып қыздары БЕС АСЫҚ ойыны,
7 сынып ұлдар АСЫҚ АТУ ойыны,
5-6 сынып ШАХМАТ,ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ойындарының ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеуде пайдасы өте зор,-деп, қатысушыларға сәттілік тілей отыра өз сөзін қорытындылады
Сайыстың ашылу салтанатында мектеп оркестрінен құралған домбырашыларымыз күй орындады, бишілеріміз «Қазақ биін» мың бұралта биледі, 3 «Б» сынып оқушысы Ғаниұлы Тамерлан «Наурыз келді, Алақай!» әнін орындап, әдемі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік номерлерден кейін мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алгадаев Қайрат Қуанышұлы жарыс шартымен таныстырып өтті. Сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
АРҚАН ТАРТУ ОЙЫНЫ бойынша
І орын 10 «А» сынып командасы
ІІ орын 9«Ә» сынып командасы
ІІІ орын 9«Б» сынып командасы иеленді
АСЫҚ АТУ ойынында І орын 7 «А» сынып оқушысы Қанатов Жан
ІІ орын 7 «А» сынып оқушысы Құрманғали Әнуар
ІІІ орын 7 «Ә» сынып оқушысы Сарсенбек Жұбаныш иеленді
БЕС АСЫҚ ойыны бойынша жүлделі орын алған жүлдегерлер
І орын 7 «Ә» сынып оқушысы Күзенбай Еркеназ
ІІ орын 9 «Ә» сынып оқушысы Елубай Айша
ІІІ орын 8 «А» сынып оқушысы Сансызбай Ұлдана
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ, ШАХМАТ ойыннда
І орын 5 «Ә» сынып оқушысы Әбдіқұл Шадияр
ІІ орын 5«Ә» сынып оқушысы Досымбек Мухаммедали
ІІІ орын 5«Ә» сынып оқушысы Сайн Әділет иеленді
Ұлттық ойындар оқушыларға топта жұмыс жасауға жақсы әсер етті. Ұлттық ойынымыз бен ұлттық киімдерімізді насихаттап, ұлт жанашыры болып жүре берейік!
Смакова Айнара Нурланбековна
дене шынықтыру пәні мұғалімі