Home » Ашық сабақтар » Ағылшын тіліндегі ғылыми мәтіндерді қазақ тіліне аударудағы  сапасы мен ерекшеліктері

Ағылшын тіліндегі ғылыми мәтіндерді қазақ тіліне аударудағы  сапасы мен ерекшеліктері

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Абдіғаппар ауылы,  №213 жалпы орта мектебінің
Ағылшын тілі мұғалімі
Ыбрай Гүлнар Назарханқызы

    Ғылыми- танымдық аудармаға қойылатын басты талап – автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек.  Ж. Мәкішев «Сапасыз аудармалар шаршатып жіберді» деген, «Классtime» газетінің 15­ші ақпандағы №3 санында шыққан мақаласында: «Өкінішті, бірақ ащы болса да шындық­ біздегі аудармашылардың көбісі осы салада баяғыдан бері келе жатқан «аудармашының міндеті  жәй ғана аудару емес, сапалы да мазмұнды аударма жасау » деген қарапайым астарды түсіне бермейді. Халық сенің аударған мәтініңді аударма емес, түпнұсқаның өзі екен ғой деп қабылдауы қажет емес пе? Ал осы қарапайым астарды түсінуге  қабілеті жетпегендерді аудармаға жақындатпаған жөн болар деп есептеймін.Осы  салада білдей маман атанып жүргендердің көбі «аудармашының ең негізгі міндеті қандай?» деген сұраққа «аудару» деп жәй ғана қарабайыр жауап қайтаратынына мен сенімдімін. Мұндай тұрпайы түсінікпен біз аударма саласын өрге бастыра алмаймыз. Онсыз да аударма қазір шала сауатты «мамандардың» кесірінен төмен дәрежеге түсіп кетті. Тіпті жай ғана аударма тілі емес, «түсініксіз аударма» тіліне айналды» деп қазіргі аудармалардың сын сапасыздығын жазған.
Сондай­ ақ, қазіргі таңда аударма саласында оның ішінде ақпараттық аудармада сапасыз аудармалар орын алуда. Басты себеп­ машиналық аудармалардың көптеп қолданылуында және сауатсыз аудармашылардың аударатын мәтін мазмұнына дұрыс көңіл бөлмей, машиналық аударма арқылы аударылған жұмыстың мазмұнын, сөйлем құрылымын, грамматикалық, стилистикалық қатіліктерін өңдемеуінде. Осыған нақ дәлел ретінде төмендегі сәтсіз аудармаға назар аударайық.

1-кесте

Microorganisms in water

Polluted water may be unsightly, odorous, corrosive, difficult to wash clothes in, or unpleasant to taste. But certainly, the most harmful effect of polluted water on man has been that of disease transmission. Typhoid fever in the Western Hemisphere and cholera in the Eastern Hemisphere have accounted for most of the waterborne deaths. Other human diseases carried to man by micro­organisms in water are dysentery, infectious hepatitis, and gastro­enteritis. Some viral diseases, such as poliomyelitis, may also be waterborne. Man lives in intimate relationship with microorganisms on his skin and in his digestive system. The total microbial population in a normal human is perhaps 10 trillion (1013), which is about a slimy cupful in volume. In health, humans and microbes live together to mutual benefit. The excrement of a healthy human, when dispersed in water, is not necessarily a source of disease. However, some Ileac thy people live in harmony with organisms that can be patho­genic to others.

  Судағы микроорганизмдер
Ластанған су ұсқынсыз, хош иіссіз улы, киім жууға қиындық келтіретін, немесе дәмін татуға ұнамсыз болады. Бірақ адамға ластанған сулардың көптеген зиянды әсері сырқаттан хабар береді. Батыс жарты шардағы сүзек пен шығыс жарты шардағы оба судағы өнімдерді еске түсіреді. Басқа адамзат сырқаттары адамға судағы микроорганизмдер арқылы дизентерия инфекция жұқтырады. Кейбір сырқаттар, мысалы, полимометте судан болады. Адам организмдегі зат алмасу процесі сулы  ортада жүретіні белгілі. Жалпы халық саны әдеттегі адамның 10 триллион көлемде шырышты толық болады. Адамдар мен микробтар денсаулықта бірге өмір сүреді. Денсаулығы мықты адамның жағдайы, суда болғанда, сырқаттың міндетті түрде         көзі болмайды. Қайткенде де, кейбір сау адам организммен үндестікте өмір сүреді.

Ғылыми аудармалар сапалы болуы үшін не керек?
Біріншіден, екі тілді еркін меңгерген, іс- қағаздарын екі тілде де сауатты жазатын, ғылыми білімі бар аудармашылар керек. Өйткені, екі тілдің қыр-сырын мүлтіксіз меңгермеген, ғылыми білімі жоқ адам көпке түсінікті аударма жасай алмайды. Қазіргі аудармашылар кімдер? Негізінен, журналистер, филологтар, тарихшылар, орта мектептерде, университеттерде ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдер аудармамен көп айналысады. Алайда олардың ғылыми- танымдық мәтіндерді аударуға қалам тартуы қиын. Өйткені олардың ғылыми білімі жоқ болғандықтан кейбір сөйлемдерді сөзбе-сөз аударып сөйлемнің мағынасын бұзып жатады. Нәтижесінде сауатсыз аудармалар дүниеге келеді. Не істеу керек? Мұндайда бізге ғылыми- терминологиялық сөздіктер көмекке келеді.
Қазіргі жұмыс орнын компьютерсіз (интернетсіз) елестету мүмкін емес. Қызметкер жұмыс барысында аударманы қалың кітаптарды немесе сөздіктерді ақтарып отырғаннан көрі, уақытты көп алмайтын, сапасы төмен болса да электрондық аудармаға жүгінеді. Мұндай автоматтандырылған аударуда екі түрлі бағдарлама бар: «электрондық сөздік» және «бағдарламалық аударма». Электронды сөздіктер экранда және құжаттың ішінде бөлек сөздерді аударады. Түсініксіз сөздерді тез іздеп табудың ыңғайлы жолын тудырады. Бағдарламалық аударма компьютерге кірген кезде бір тілде кірсе шыққан кезде басқа тілде аударылып шығарылады. Электронды сөздіктер шет тілін аударатын адамдарға өте қажет, өйткені олар көп жұмыстарын сөздік арқылы істейді. Бұл сөздікті шетел тілін жақсы білетін аударма жасамай тек қана мағынасын түсіну үшін қажет етеді. Бірақта таза аударуды компьютер жасай алмайды, мәселе бөлек лексикалық терминдер компьютерде жоқ. Алайда қазір автоматтандырылған аудармалар практикада көп қолданылады. Өйткені ғылыми тексттердің әдебиет текстеріне қарағанда айырмашылығы бар. Ғылыми мәтіндерде тіл конструкциясы көбінесе цифрлар, сол үшін ғылыми және техникалық жұмыстар электрондық аударманы көп қажет етеді. Сондықтан, ғылыми еңбектердің аудармасының сапасы жоғары болуы үшін бағдарламалық аудармашыларды ысырып тастап, ғылыми сарапталған сөздіктерді қолданған жөн. Осындай сөздіктің бірі 2000 жылы «Рауан» баспасынан шыққан ғылым, мәдениет және экономика салаларының негізгі сөздеріді қамтитын «Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік» және Р.Құдайбергеновтің 2009 жылы «Таймас» баспасынан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында шығарған «Ғылыми терминдер сөздігі». Ал аударманы пайдаланушының тиісті фондық білімінің жоқтығы астыртын мағынаны экспликациялау, аударма мәтінге тиісті толықтырулар мен түсініктемелер енгізу қажеттігін тудырады. Бұл, мысалы, түпнұсқада жалқы есімдер, географиялық атаулар және әртүрлі мәдени-тұрмыстық реалийлер атаулары пайдаланылғанда жиі кездесетін құбылыс. Мәселен, қазақ тіліне Ресейдегі Башкирия,Чечня,американдық Massachusetts,Oklahoma,Virginia, ка- адалық Alberta, Manitoba немесе ағылшындық Middlesex, Surrey атауларын аударғанда оқырманға түсінікті болу үшін республика,штат, провинция, графтық деген сөздер қосылып, Башқұт Республикасы, Шешен Республикасы, Массачусетс штаты, Альберта провинциясы, Миддлсекс графтығы түрінде беріледі. Мұндай түсіндіруші элементтерді мекемелердің, фирмалардың, баспалардың және т.б. атауларын беруде де қосуға тура келуі мүмкінСондай-ақ кейбір жағдайларда қажетті қосымша ақпарат аударма мәтінде арнайы ескертпе арқылы беріледі.
Қорытындылай келе аударма саласының оның ішінде ғылыми- танымдық аударманың өзіндік қиындықтары бар екендігіне көз жеткіздік, ол қиындықтарды аудармашы салғастыра және салыстыра зерттей отырып, аударма мәтінін жоғарғы деңгейде оқырманға жеткізе алады. Ғылыми аударманы оның ішінде ғылыми- танымдық мәтінді аударуда әр тілдің өзіндік нормаларына сай беру және оны тыңдаушыға жеткізу тек аудармашы болумен шектелмейді, ол үшін  шебер  болу шарт. Аударма мамандығы әр қилылығымен, әр түрлілігімен ерекшеленеді, осы саланы алып жүру үлкен еңбек пен шабытты талап етеді, осыған орай аудармашы жан-жақты, дүниетанымы мол және қоршаған ортасына көзқарасы түзу болуы керек.
Сөз түйінін М.В. Ломоносовтың мына сөзімен қорытындылағым келеді: «Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл бере алмасақ, мұны тіліміздің оралымсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет».

11 комментариев

  1. Керемет жұмысыңыз алға баса берсін

  2. Акмарал

    Керемет жұмысыңның жемісін көр тек биіктерден көріне бер.

  3. Құдірет

    Дұрыс жазылған екі тілдіде толық меңгеру керек.

  4. Керемет жазылган!

  5. Керемет 👍

  6. Жақсы жазылған екен! Ісіңізге сәттілік!!!

  7. Жақсы жазылған екен! Ісіңізге сәттілік!!!

  8. Дұрыс айтылған.Кейбір аударылған сөздер қате болады.Техникалық бағыттағы аудармалар сайкес келмейді.Аудармашы болу үшін үш тілді жақсы меңгеру керек.Ыбырай Гулнар талабыңыз оң болсын.

  9. Жақсы таңдалған тақырып! Қазіргі кездегі аса маңызды һәм ауқымды мәселе. Қызметкелер, студенттер автоматты аудармаларды жиі қолдана отырып, соңында олардың мағынасына мән беруді ұмытып кетеді. Осындай мағыналы мақалалардың көмегімен, көп адамдар қателікке жол бермейтін болады. Жарайсың, Ақ Гүлнар👍

  10. Салтанат

    Керемет. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  11. Назерке

    Жақсы жазылған. Жұмысыңа табыс, сәттілік тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.