Home » Мақалалар » Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы

Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұлт тарихында небір керемет кемеңгерлер өз ойлары,көзқарас,ұсыныстар мен ғибраты мол еңбектер жазған.Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың педагогикасында «жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туғанда өте әлсіз,осал болып туады.Оның денесінде,жанына азық беріп,өсуіне көмек көрсетпей,яғни оны тәрбиелемей болмайды.Олар ақыл тәрбиесі,сұлулық hәм құлық тәрбиесі»- деп көрсетеді.Адамның өзін-өзі тәрбиелеу hәм адамдық қасиетін сақтап қалуы оның жан сұлулығы мен тән сұлулығының үйлесуімен тығыз байланысты. Туа бітті осалдықты жақсы қасиеттермен әрі қарай шыңдау адамның өз қолында. Ақынның айтар ойының түйіні де осында.Рухани тәрбие өзінің қуатын кез келген іс-әрекеттен алуы мүмкін.Әдептілік,мейірімділік,    ізеттілік,қайырымдылық қонақжайлылық сияқты құндылықтарды жас ұрпақтың бойына дарытуда балабақша тәрбиешілерінің рөлі ерекше.Жетілген мінез-құлық,бұл үш нәрсенің:жүректің, қолдың және ақылдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана соның айтқаның істесе,онда ол өмірден өз орнын табады.    Бұл мақсатқа нағыз тәрбиешінің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады.Балғындарды сүйетін және өзінің ісіне берілген тәрбиеші ғана мейірбан адамның қалыптасуына көмек көрсетуге қабілетті.

К.Д.Ушинский “Күн астындағы ең ұлы мамандық – ұстаздық ” деген екен.Білгеніңді жұртқа үйретіп, өмір бойы жаңаны білуге, бұрынғыны зерделеуге ұмтылу- ұстаздың басты міндеті.Қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамыған уақытында қоғамда жаңа көзқарас,жаңа талаптар қойылуда.Оның ішінде ұрпақ тәрбиелейтін тәрбиешіге де пікірдің түбегейлі өзгеріп, жаңа сипатта қалыптасуына ықпал етуіміз керек.Елдің болашағы жастар десек,сол жастардың білім алып, көзі ашық,көкрегі ояу,өзгелермен терезесі тең қарым-қатнас жасауына жауапты жандардың бірі-педагог.Ұлт болашағын тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Демек білім нәрімен сусындатып қана қоймай,әр баланың бойына ізгілік нұрын себелеп,өмірден өз жолын табуына бағыт сілтейтін ұстаздың еңбегі ешқашан елеусіз қалмауы тиіс   Адам қанша жыл ғұмыр кешсе, соншалықты өмірден сабақ алады.Оқу –білімсіз жан баласы өз дегеніне қол жеткізе алмайды.Дүниеге келген соң,елге пайдаң тиетіндей қызмет жасау-әркімнің де арманы.

Қазақ – ойшылдар мен көсемдерге бай халық.. Ұстаз ұлылығын жоғалтпай,оның атына дақ түсірмей,жоғары тұлғалық деңгейден көрінгені абзал. Ғалым да,шахтер да бас иетін ұстаз мәртебесі сонда ғана биік болмақ.Өйткені ұлт тәрбиесіне жауапты ұстаз  болса,сол еңбектің биік шыңы – ұстаз атану.Ұстаздық ету – ұлы іс.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,оқшау тұрған емес.Ол қоғам заманының бағыт – бағдарымен,тыныс тіршілігімен бірге жүріп отырады.Осы орайда кез келген бүлдіршін үшін ата-анасының берген тәлім-тәрбиесін балабақша тәрбиесі одан әрі қарай жалғап жандандыратыны сөзсіз.Балабақша әрбір бүлдіршіннің тілге,ілім-білімге деген жеке дара бейімділігін,қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қажеттілігін қалыптастырады.Бір – бірін қос өзеннің ағысындай толықтырады десе де болады. Тәрбиенің бастауы балабақшадан басталып,ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал.Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын,ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегініе ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда басекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны бар екендігі айқын.

Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасаған қоғам ертеңге еңбек сіңіреді.Олай болса    ізгілікке,имандылыққа,адамгершілікке,адалдыыққа,еңбексүйгіштікке,ұлтжандылыққа,  отаншылдыққа тәрбиелесең ғана баланы дұрыс баулығаның.Ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей « Ертеңіміздің бүгін ойлап,бүгінгі уақытында жасайық » деген қағидамен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагог қызметкерлеріне жас ұрпақты жан – жақты етіп тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті .

Сара  Бердіғұлқызы Жұмабаева
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Төребай би ауылы 
№15 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақша КМҚК
меңгерушісі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.