Омарова Назыгуль Иргебаевна
Жезқазған қаласы
№15 «Гүлдер» бөбекжайының
тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеумет».
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру.
Оқу қызметінің мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың портреті, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны және тағы басқа.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.
Бәрі тік тұрып Әнұранды орындайды.
Тәрбиеші: Отырыңыздар. Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.
Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған, елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады. Балалар, сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Қазіргі Президентіміз кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы (Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Астана)
Қос пырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің,
Шолпан жұлдыз маңдайда.
Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан Республикасының Елтаңбасы)
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал (Қазақстан Республикасының Туы)
Есімізге түсірейікші Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.
Балалар: Ту. Көк.
Тәрбиеші: Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс – еліміз—дің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек — қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар, ал мынау не?
Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Бұл ҚР Елтаңбасы.
Шаңырақ — Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ — еркіндіктің белгісі. Масақ — тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз — жол сілтеуші жарық белгі.
Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тәрбиеші: Балалар, Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Көркем: Егеменді елдің біздер
Ұланымыз жас қанат
Апайларға сәлеміміз,
Құттықтаудан бастаймыз.
Жания: Ызғарлы қыс-тоқсан күн,
Желтоқсан деп аталған
Желтоқсанда жастарым,
Тәңірінен бата алған
Інжу: Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан-жылға көркеюде.
Нұрбек: Біргемін мәңгі сенімен,
Ешқашан сені сатпаймын
Өзіңе деген өлшеусіз
Құрметімді сақтаймын.
Арнаймын саған ән-жырды
Сен туралы жырлаймын
Көркейе бер, Отаным,
Сенсіз жерге сыймаймын.
Жанұзақ: Отан – анаң ауялы,
Отан – әкең, ақылшың.
Отан – асыл арманның,
Аялаған өз елін.
Тәрбиеші: Енді, балалар, тағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.
Ислам: Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Айлана: Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
Отан-Ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел!
Хор: «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Сонымен, балалар, біздер бүгінгі оқу қызметінде Елбасымыз бен Президентіміз туралы, ҚР рәміздерімен таныстық. Бүгінгі оқу қызметіміз қызықты өтті, барлықтарыңа мың алғыс, жарайсыңдар.