Куматова Динара Балгабайқызы
Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы
Облыстық көп салалы дарынды балаларға
арналған лицей-интернатының қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімі
Адам баласының қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас, есте қалар сәттерінің бірі – мектепте өткізген кезеңі. Мектеп оны асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарына үйретеді, сондықтан да адам өмірінің алтын бесігі – мектеп. Мектепті кемеге, білімді теңізге теңейміз. Кеменің қай жерде келе жатқандығынан, қай бағытқа жылжып бара жатқандығы қоғамға маңыздырақ. Неге дейсіз? Өйткені, жақсы қоғамды, жақсы мемлекетті қалыптастырушы жақсы іскер мамандар, сауатты қызметкерлер.
Иә мектеп, білім, ұстазым деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз «Дарын жанып тұрған жалын» — дейді, әр оқушының өз таланты болады. Шәкірттері білімді, дарынды, қаламыздың қақ төрінен орын тепкен алтын ұя мектебім жайлы мақтанышпен айтқым келеді.
Білім ордамыз аз уақыт ішінде облыстық, республикалық деңгейдегі өткен білім саласы жағынан болсын, әртүрлі мәдени шараларда болсын жоғары дәрежелі деңгейде, оқушыларымыз облыстық, республикалық олимпиадаларда жоғары деңгейде көрсете білді. Оқушылардың санасында «Менің мектебім – менің мақтанышым» деп босқа айтылмаған, заманауи талаптарға сай, терезесі тең білім ордасы. Мектеп ұстаздарының арқасында түлектерінің білімділігі мен шығармашылығының нәтижесінде мектебіміз алдыңғы қатарда келеді. Мектебімнің осы күндері мәртебесі биіктеп, түлектері көптеген беделді оқу орындарына түсіп, өнерлі жастары өркендеп өсуде. Биылғы оқу жылында алғаш рет түлектерімізді шығардық. Әр оқу жылы, әр оқушыға өз жаңалығын әкеледі. Биылғы жыл біз мұғалімдер үшін де, оқушылар үшінде ерекше жыл, өйткені мектебімізге биыл 5 жыл толды.
Осы 5 жыл ішінде мектеп жан-жақты қырынан көзге түсіп, көптеген номинациялар бойынша дипломдарға, жүлделі орындарға ие болды. 5 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Мектебімнің дәлізінен өтсеңіз көздің жауын алатын, кеудеңді нұрға бөлейтін ақпараттар, оқу, білім туралы, оқушылар туралы баннерлерден сусындайсың. Осынша республика көлемінде атағы шығып, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азамат пен азаматшалардың ой-санасына отансүйгіштік сезімді, білім нәрін сеуіп жаткан өнегелі орданы басқарып, алға жетелеп отырған мектеп директоры Сейфуллин Бауыржан Мубаракұлы – ұрпаққа заманауи талаптарға сай тәрбие мен білім беруге инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педогогикалық негіздерін меңгерген, дарынды оқушыларды қалыптастыруда нәтижеге бағытталған сапалы көрсеткіштерге ие болған, жоғары білімді жаңашыл ұстаз.
Мектебімізді білімділер мектебі деп айтуға болады. Сабақ үстінде өтілген тақырыптар бойынша, таласа, тырмыса жүріп қосымша материалдар іздеп, ғылыми жобалар жазуға бейімделіп келеміз. Көптеген оқушылар өз жобаларын өз жауаптарын үлкен шығармашылық ізденіспен жасауда «Мұғалім – мектеп жүрегі» біздерді білім нәрімен сусындатып, маман даярлау жолында аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздардың еңбегі орасан зор.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез
Нұрын сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Еліміздің көркейіп гүлденуі және өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көруге болады. Ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлы да жарқын болуы тек білімге ғана тән. Мектеп әр кезде де мақтанышымыз, киелі алтын ордамыз.