Home » Мақалалар » Қазақ халық ертегілері

Қазақ халық ертегілері

Мамбеткалиева Аккаймак Мамбеткалиевна
Атырау  облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы   
«Өрімтал» МКҚК бөбекжай
 балалар бақшасының әдіскері

Білім беру саласы:  «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Қазақ халық ертегілері»

Мақсаты: балаларды халық ауыз әдебиетіндегі қазақ ертегілерімен, ертегі кейіпкерлерін естеріне түсіріп, оларға мінездеме беруге үйрету, қазақ халқының мақал-мәтелдерін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын таныстыру.

Дамытушылығы: тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.

Тәрбиелігі: қазақ халық ертегісіне деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын ояту. Адамгершілікке, тапқырлыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап. Ғажайып сәт. Сергіту сәті.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Сиқырлы кітап, таңбалар, тостаған, торсық, домбыра, оюлар құрастырмалы, сандық.

Қызмет кезеңдеріТәрбиешінің қызметіБалалардың            қызметі
Оқу қызмет кезең-дері балаларды тапсырманы орын-дауға қызықтыру талпындыруШаттық шеңбері.

Тәрбиеші күн бейнесіне еніп, ал балалар болса шуақтары болып шығады.                    

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сіздерге аң таңның,

Қуанышын шаттығын,   

Қайырлы таң апайлар!

— Жарайсыңдар балалар енді орнымызға отырайық.

— Балалар қазір жылдың қай                                     мезгілі ?

— Күз мезгілі екенін қайдан біліп қойдыңдар?

— Күз мезгілінде неше ай                                          бар?

-Кәнекей ай аттарын айтайықшы?

— Дұрыс айтасыңдар балалар!

Шаттық шеңберіне тұрады. Күн бейнесіне еніп, дөңгеленіп шуақ-тарын жан-жаққа шашып, өлең жол-дарын іс-қимылмен көрсетеді.

 

-Күз мезгілі.

— Себебі күн суық, жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр, айнала сары түске боялған, жаңбыр жауып тұр. – Үш ай бар.

— Қыркүйек. Қазан. Қараша

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

 

-Бүгінгі біздің өтетін оқу қызметіміз: Көркем әдебиет.

— Ал, ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы:

«Қазақ ертегілері».  

— Мен сендерге Қазақ ертегілері туралы айтып берейін. Мені зер салып тыңдаңдар балалар!

-Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Ертегілер – ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Халық ерте кезден-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, армандаған.                                       — Балалар ендеше біз жер шарын шарлап, ақыл-ой жинап алайық !

— Кәне, балалар, көзімізді жұмайық, қазақ әуені ойналып тұрады, енді ашамыз. Көздерін ашқанда Ата отырады.

Ата: Амансыңдар ма, балаларым!

Қайда кетіп бара жатырсыңдар?

Үлкенге көрсеткен ізеттерің үшін, мен сендерге ақыл-ой жинауға көмектесетін «Сиқырлы сандыққа» апаратын қақпаны көрсетейін.

— Балалар, мына ою түрлерін дұрыс құрастырсақ сандық тұрған қақпа ашылады.

— Балалар, сендер оюды дұрыс құрастыра білдіңдер. Мінекей сиқырлы сандық. Сандықта «Кім халық даналығын білетін болса, сол адам сандықты аша алады» деп жазылған.

— Балалар, кім мақал-мәтелдер айтады?

— Бәрекелді, балалар! Міне сиқырлы сандықта ашылды.

— Сандық ішінен «Ғажайып кітап» шығады.

Ғажайып кітап: –Мен қарапайым кітап емеспін, мұнда сендерге ақыл-ой беретін ғажайып дүниелер өте көп. Сендер олармен таныс болсаңдар!

— Кітаптың ең бірінші бетін ашайын. Алдар көсенің суреті бейнеленген.

— Бұл кім балалар? Таныдыңдар ма?

— Дұрыс айтасыңдар балалар!

— Алдар көсе туралы қандай ертегі атауларын білесіңдер?

— Алдар көсе қандай адам?

Кітаптан Алдар көсе ғайып болып кетеді.

— Ой, ой Алдар көсе қайда кетті?

Тосынан Алдар көсе шығады.

Алдар Көсе: — Мен мұндамын. Сендер мені өте мақтадыңдар! Мен кітаптың ішінде қала алмадым, сендер туралы білгім келді. Келіңдер, танысайық!

— Сен қай Республикада тұрасың?

— Елбасы кім?

— Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?

— Туған жерің атауы қандай?

— Сен қай балабақшадансың?

— Өте тамаша балалар! Не деген зерек едіңдер! Мен сендерге «Бауырсақ» атты ойын алып келдім.

Мақсаты: балалардың көңіл-күйін игере білуге, басқаруға үйрету. Ертегі әлеміне деген қызығушылығын арттыру.

Ойын шарты: бауырсақ ертегісінің кейіпкерлеріне таңбалаларды қою.

Алдар көсе: — Өте тамаша балалар! Енді мен өз әлеміме қайтайын.

— Балалар, мен ғажайып кітаптың келесі бетін ашайын. Бұл кім балалар?

— Әже қай ертегілерде кездесетін еді?

Кітаптан Әже ғайып болып кетіп, тосынан шығады.

— Сәлеметсіңдер ме, балаларым!

— Сендердің мені білгендерің қандай жақсы. Мен сендердің біраздан бері саяхаттап жүргендеріңді білемін, шаршаған шығарсыңдар. Мен сендерді киіз үйіме шақырамын.

Әже: Келіңдер, төрлетіңдер балаларым! Ең алдымен сендерге қазақтың ұлттық сусыны-шұбат ұсынамын. Дәм татыңдар!

— Қазақтарда қонаққа ұнаған затын сыйға тартатын  салт бар.  Мына ыдыстарды қараңдар да, аттарын атаңдар, сосын кім дұрыс атаса және ыдыс ұнаса, мен оған сол ыдысты сыйға беремін.

— Балалар, Әжеге рахмет айтайық, біз әрі қарай кітаптың келесі бетін ашайық.

— Балалар, кішкене шаршап қалған секілдіміз сергіп алайық.

Сергіту сәті: «Қуыр, қуыр. қуырмаш».

Ғажайып кітаптан: Құйыршық суреті көрсетіледі. Кенеттен құйыршық ұшып кетіп, балаға айналып кетеді.

Құйыршық: — Сәлеметсіңдер, балалар! Менің атым- Құйыршық. Мен атам мен әжемнің баласымын. Маған атам мен әжем көп ертегі оқып береді. Мен сендерге қазақ ертегілер кітабын алып келдім. Сау болыңдар, балалар!

Балалар, міне ғажайып кітаптың беттері де таусылды. Қандай ғажайып кітап.

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар көздерін жұмады.

 

 

— Балалар Атайға амандасады.

— Атай жүз жасаңыз!

-Ауырмаңыз!

— Біз жер шарын аралап, ақыл-ойымыз-ды жинап алайық деп  бара жатырмыз!

 

 

— Балалар оюды дұрыс құрастырып, сандық-ты ашуға қызығушы-лығы арта түседі.

 

 

— Балалар мақал-мәтел айтады.

 

 

— Балалар таң қалады.

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар қызыға Алдар көсе деп жауап береді.

 

 

—  «Сараң бай», «Алдар Көсе және егінші».

— Тапқыр, ойшыл, қу, көңілді, білгіш, әр нәрсені ақылға салып ойланатын-ақылды жан.

 

 

 

 

 

— Балалар қойылған сұрақтарға толықтай жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар таңбаларды өз көңіл-күйлері бойынша қояды.

 

 

 

— Әже.

— «Қызыл телпек», «Бауырсақ», «Шалқан» ертегісінде.

 

— Сәлеметсіз бе Әже.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Өте дәмді екен. Рахмет,әже.

 

 

 

 

— Балалар тұрмыстық заттардың атауларын айтады: ұлттық аспаптарды, ыдыстарды атайды.

 

 

— Сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

— Балалар таңқалады.

 

 

 

 

— Балалар қуана кітапты алады.

 

 

 

Рефлекциялы

(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып,кемшіліктерді жою)

 

Сұрақ- жауап әдісі.

— Біздің саяхатымыз қызықты да пайдалы болды.

— Біз бүгін кіммен кездестік?

— Барлық кейіпкерлердің несі ортақ?

— Ғажайып кітап ұнадыма?

— Дұрыс айтасыңдар балалар!

— Балалар сендер ұйымдастырыл-ған оқу қызметіне белсене қатыс-тыңдар! Сендерге қуанышты хабарлама  таратамын.

 

 

 

— Атай. Әже. Алдар көсе. Құйыршықпен.

— Қайырымдылығы, даналығы, мейірімділігі, қонақжайлығы.

— Иә.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: қазақ ертегілері туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: қазақ халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр түсініктерін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: топ болып бірігіп жұмыс жасай алады, ойындарды ойнай алады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.