Home » Мақалалар » Ойын арқылы баланың тілін дамыту

Ойын арқылы баланың тілін дамыту

Жакипова Улман Жусиповна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 20 «Арайлым» балабақшасының
тәрбиешісі

Балабақшадағы тәрбиелеу — оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша ауыз екі сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін сөйлеп, тілдік қарым-қатынаста жаттықтыру ісіне, ерекше мән берілген. Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік қорын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулар орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Бала ойын арқылы қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипатта болады.Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен, достарымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүниетану жолы, олар ойынмен өмір сүріп, бәрін өзгерте алады.

Өздерін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құштарлығы.

Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Тәрбиеші ойын сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын сурет қарау, заттарды қарау, жұмбақтар шешу, және құрастыру, саяхатқа шығу барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есіне сақтап қалуға жол ашады. Ойынға қызықтыра отырып, зейінін, қиялын дамытады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды,табиғи заттарды  қолдану арқылы өткізіледі.  Мысалы:  «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап». Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Балалардың ойындарда сөздік қорларын дамыту, тапсырма жаттығуларды дұрыс қолдану үлкен нәтиже береді. Балалар саусағын ойната отырып, тілін дамытады. Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны қандай да болмасын, ертегіні немесе өлең тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттармен құбылыстарды , жан-жануарларды,құстар және ағаштарды бейнелей алады.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

Мысалы : Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Саусақтардың қимыл қозғалысына қарап бала қуанады,шаттанады, сөзді айтуға талпынады, сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтай алады.

«Саусақтар сәлемдеседі». Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

«Моншақ»ойыны.

Қызыл сары,көк моншақ

Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді  бейнелейді. Әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен, ұйымдастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады.

Сонымен қатар өзімен-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: түймесін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау және тағы да басқа. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың, яғни жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып  саналады.

Балада ойынға деген құштарлық бар, оны тек қанағаттандыру керек. Антон Макаренко.

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.