Home » Балабақша » «Сабантой» мерекесі

«Сабантой» мерекесі

Нуршаева Эльмира
Алматы қалаасы. Алатау ауданы
«№ 4  бөбекжай балабақшасы
меңгеруші

«Сабантой» мерекесі

Алматы қаласы №4 бөбекжай – балабақшасында Сабантой мерекесі аталып өтілді.
Сабан той» — ұлттық салт-дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтық, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі, әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде «Сабан той» өткізеді. Сабан тойда ойын-сауық түрлері өткізіледі.

   
Шараның мақсаты – ата -аналар мен балабақшаның ынтымақтастығын арттыру.

Сабан тойымыздың күз мезгілінің мерекесімен бірге балабақшадағы балғын бөбектердің өнері Сабантой мерекесінде көрініс тапты. Айналамыз толған астық тоқшылықтың белгісі, кұзгі жапырақтар алтын күздің белгісі.
    

Балғын бөбектердің бал тілін былдырлатып, балалықтың базарын шалқылатын, бала шақтан болашаққа бастайтын баспалдақтың негізін қалайтын бағыт – бағдар – балабақшадан бастау алады. Еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі ұпақ болса, сол ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесі, білімі, дүниетанымы балабақшадан бастау алады.
         

Бүгінгі күні аталмыш балабақша ғимараты Сабайтой мерекесіне сай сәнді безендірілген. Балабақша музыка залында алтындай жарқыраған күзді сипаттайтын ата – аналар мен бүлдіршіндер дайындаған күзгі көрме. Жомарт күздің байлығын өзіндік ерекше қиялымен жасалынған көрменің әсемдігі көздің жауын алады. Бұл – ата – аналар мен бүлдіршіндердің, тәрбиешілердің ерен еңбегі, шығармашылық жұмыстарының нәтижесі. Сары күз бен сары жапырақтарды жырлап, күз ханшайымымен наздана би билеп, ән айтты. Тәрбиелік мәні бар ертегі қойылымдары да қойылды. Балғын шақты балаларды сергіту мақсатында күзгі жапырақтармен ойын ойнады. Бүлдіршіндердің өнерін өрге жүзсін деген ниетпен, ата – аналар жылы лебіздерін, ізгі ниеттерін білдіріп жатты. Тәрбиеленушілер өз өнерімен, алғырлығымен, білімділігімен тәнті етіп, еліміздің болашығы жарқын болатынына сенім ұялатты. Осындай білімді де, білгір ұл – қыздарымыз ертеңгі күні еліміздің туын көкке желбіретіп, тұғырымызды биік ететін әлемдік деңгейдегі талай асуларды бағындырады деген сеніміміз мол.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.