Home » Білім және тұлға » Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Бүгінгі «ЖЖА»  жаныңда жүр жақсы адам жобасының кейіпкері Түркістан облысы Сайрам ауданы   Қарабұлақ ауылында орналасқан №100 жалпы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  талабы таудай білімі терең ерекше азамат Исмаилов Хасан Султаниязұлы! Құрметті Хасан Султаниязұлы алғашқы сұрағымызды  Қысқаша өмір жолыңыздан бастасақ….

Мен Исмаилов Хасан Султаниязұлы 1984 жылдың 06 қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Сайрам ауданы, Арыс ауылында шаруа отбасында дүниеге келдім. 1991 жылы № 12 Т.Рустемов атындағы жалпы орта мектебіне бірінші сыныпқа қабылданып, 2001 жылы аталмыш мектепті үздік нәтижелермен тәмамдадым. Мектеп кезінен әртүрлі байқаулар мен сайыстарға белсене қатысып, қазақ тілі пәнінен көптеген жарыстарда  үздік нәтижелер көрсеткен күндерімді еске алсам, мектеп қабырғасы мен үшін  жақсы естеліктерге толы болды.  Жастайымнан сурет салуға, өлең жазуға, әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығым жоғары болды. Оқуға деген қызығушылығымның арқасында 2005 жылы «Қазақстан Халықтары Достығы» Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына оқуға түсіп 2009 жылы бітірдім.
Жеткен жетістігіңіз?2011 жылы Қарабұлақ ауылында орналасқан №100 жалпы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде қабылдандым. Мектептегі 8 жылдық өтіп жатқан ұстаздық жолымда аз болса да біраз жетістіктерді бағындыруға қол жеткіздім және де талай жетістіктерді бағындыру жолында аянбай еңбек етіп келемін. Атап айтар болсам, 2014 жылы аудандық «Қанеки, тілім сөйлеші» байқауына қатысып, жүлделі 2- орынды иелендім. Сол жылы облыстық деңгейде өткен «Мемлекеттік тілім- менің тілім» атты байқауда да жүлделі 2 –орынды иемдендім. 2015 жылы аудандық «Абай оқулары» байқауына қатысып, жүлделі 1- орынға ие болдым. 2015 жылы «Умид» қоғамдік келісімі тарапынан ұйымдастырылған «Ең, Ең, Ең» байқауына мектеп ұжымы атынан қатысып, «Ең үздік жас мұғалім», «Өз кәсібінің шебері» атты медаль және куәлікке лайықты болып табылдым. Тіл саласы мен білім саласына қосқан үлесім үшін аудандық, облыстық алғыс хаттар мен мадақтама қағаздарын алып келемін. Мектепте тәрбие бағытында да аймақтық, аудындық деңгейде іс-шаралар ұйымдастырып келемін. 2016 жылы «Жаңартылған білім беру мазмұны» аясында, ал 2017 жылы «Мұғалім көшбасшылығы» деңгейлік курсының бірінші деңгейін оқып шықтым.

Шәкірттеріңіз сізбен мақтана ала ма?

      «Шәкірт» ұғымы мен үшін  бір шыбықты тал етіп,  елге, көпке пайдасы тиетін, бағалы әрі құнды дүние болумен тең дегендей ұғым. Сондықтан да мен өз жұмысым барысында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен жанмын. Алға қойған мақсатымның жүзеге асуы  үшін,  шәкірттерімнің болашығының жарқын болуына да бір септігім тиеді деген ұранды алға тарта отырып, бар күш-жігерімді, бар білімімді жастарға тарту етуді –міндетті борышым деп санаймын. Әр қадамымдағы жеткен жетістіктерім шәкірттерім үшін де үлгі-өнеге болады деп, олардың жан- дүниесімен ортақ болуға тырысамын. Ерінбей еткен еңбегім арқасында оқушыларым аудандық, облыстық жарыстар, Республикалық деңгейдегі қашықтық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанып та үлгерген. Мен бүгінгі күнде жетекшілік етіп келе жатқан 10- «Б» сыныбының оқушылары менің білім жолында аянбай еткен еңбектерімнің нәтижесінде мектептің ең үздік сыныбы атанып, көшбасшылықты бермей келеді. Сыныпта бірнеше оқушыларым төрт тілде емін- еркін қарым-қатынас орнату жолында жүрген белсенді жастар. Олардың болашақ өмірінде жеткен жетістіктеріне қуана қарайтын достары мен жақындары, «Ұстазы жақсының-ұстанымы  жақсы» деген мақалды айтып жатса, шәкірттерімнің қоғамға үлес қосатын жасқа жеткен күнінде мен сияқты ұстазымен мақтанары сөзсіз деп ойлаймын.
Жаңартылған білім мазмұнына алып қосар ойыңыз болса?
 Республикамыздың білім саласында түбегейлі өзгерістердің о баста біз ұстаздар қауымы үшін қорқа қарайтын, дәстүрлі білім беру үдерісінен арыла алмай, өз бойындағы күш- жігерге сенімсіздікпен қараған күндер бүгінгі таңда зымырап артта қалуда. Ұстаздарымыздың басым бөлігі жаңартылған білім беру мазмұнына сай білім беру курстарынан өтіп, жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді жақтарын көре білуде. Білімге деген жаңаша көзқараспен менің өз жұмыс барысындағы түйген ойым: жаңартылған білім беру мазмұны- оқушыларды баға үшін емес, өз бойындағы қабілеттер мен дағдыларды дамыту үшін оқыту болып табылатынын, қоғам үшін әлдеқайда пайдалы екенін көрсетуде. Келешекте өз ойын ашық айтып, алған білімін мектеп қабырғасын да ғана емес, болашақ өмірінде де пайдаға жарайтынын көздейтін, көзі ашық, көкіріге ояу жастарды тәрбиелеуді дәріптейтін білім беру жолының нәтижесінде Қазақстан алдағы жылдарда дамыған елдердің алдыңғы қатарына қосылады деген үмітттемін.

Абай Сәдібекұлы,

Түркістан облысы

Білім айнасы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.