Home » Балабақша » Қазақтың ұлттық ойыны:«Ханталапай»

Қазақтың ұлттық ойыны:«Ханталапай»

Жусипбекова Лаззат Жумабаевна
Алматы қаласы,
№105 бөбекжай-балабақшасы
дене шынықтыру нұсқаушысы

Қазақтың ұлттық ойыны:«Ханталапай»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын балаға ойнай білуге, сондай-ақ жүйке жүйелерін шыңдап оларды дәлдікке, ұстамдылыққы, байсалдылыққа тәрбиелеу.
Ойын барысы: Асық ойындары қазақ халқының ойындарының бірі .Ұлттық ойындардың көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындарыда осыған икемделеді. Әсіресе қойды көп өсіргендіктен балалар ойынның көбі қой асығымен байланысты болып келеді.

Ал балалар, бүгінгі ойынымыз «Ханталапай» ойыны деп аталады. Қанекей сендер шеңбер болып отыра қойыңдар .

Балалар шеңбер болып отырады.
ойын шарты: Балалар  сендер
«Талапай — ау ,талапай.
Табылды ойын алақай!- деп  тақпақ айтасыңдар. Мен ханталапай деп қолымдағы асықтарды шашып жіберемін. Сол кезде сендер алдыларыңдағы асықтарды жинап аласыңдар. Хан асығы кімге туссе сол бала  бірінші болып асықты атады. Қызыл түсті асық «Хан» асығы деп аталады. Ал енді ойынды бастайық.
     

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ойынды бастаралдында
« Талапай-ау, талапай,
Табылды ойыналақай»- деп айтады. Балалармен бірге қайталайды, қоржындағы асықтарды, отырған балаларға шашады.

Балалар: Жарыса « Ханталапай» -деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды,  әр бала өзіне бір сақа асық алып қалады да  қалған  асықтарын тігіп, оларды атуға дайындалады. Тигізген асықтарды ұтып алады. Сөйтіп  өз дорбаларына салып жинайды
Қорытынды: Қазақ ұлтының ұлттық ойындарының тәрбиелік маңызы өте зор. Жастарды әдептілікке, бауырмалдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.