Home » Жаңалықтар » МЕКТЕПТЕРГЕ 2030 ПЛАНШЕТ ТАРАТЫЛДЫ

МЕКТЕПТЕРГЕ 2030 ПЛАНШЕТ ТАРАТЫЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының баспасөз қызметі

Еліміздегі пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылды.
Облыстағы 234 мектепте 208000 оқушы қашықтықтан және эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан               208 мектепте 30681 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Қашықтықтан оқытатын 234 мектептегі 3861 кезекші 1-4 сыныпта 52214 оқушы білім алуда.
Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі 17545 дана компьютер аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілді.
Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге 26483 дана компьютерлік техника сатып алуға республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге бөлінді. 1 қыркүйекке дейін Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, аудандарының және Тараз қаласының мектептеріне 2030 планшет таратылды.
Алдағы уақытта 2756 компьютер, 20156 ноутбук, 1541 планшет алынып, оқушыларға таратылатын болады.
Бұдан бөлек қашықтықтан оқитын мектептердегі аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын 22904 роутердің 3107-сі мектептерге жеткізілді. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Компьютерлік техникаларды сатып алу, тарату жұмыстары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық офисінің тікелей бақылауында.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.