Исмайлова Лаура Сұлтанхановна
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№42 орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Қазақстанның кең байтақ даласы бар. Оның климаттық жағдайы да түрлі. Бүгінгі тақырыпта еліміздегі жыл сайынғы көктем айларында, қауіп төндіретін жағдайлардың бірі сел туралы айтпақпын.
Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан, яғни климат өзгеруінен пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.
Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.
Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді.
Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.
Селге қалай дайындалумыз қажет?
Әдетте сел тасқыны болатын жерлер көп жағдайда белгілі болады. Тауға қыдырып барып немесе оның шыңына шығарда жан-жақты барлап алғаныңыз абзал. Одан аулақ жүруге тырысыңыз. Егер үйден кететін болсаңыз электрлі дүниелердің барлығын өшіріп кеткеніңіз абзал. Өзгелерге зардабы тимес үшін.
Селден қорғану жолы біреу деп айта аламын. Ол үшін әрбір қызметкерде, басшылық қызметтегі шенеуніктер барлығын жіті бақылауда ұстап отыру керек. Алдын ала тоғандар жасалып, судың, яғни, тау көлдерінің деңгейін азайту қажет. Селдің қаупі бар екендігін білген жағдайда, хабарландыру жұмыстары міндетті түрде жүруі тиіс.
Енді Іле Алатауының климатына тоқталып өтелік. Негізгі заңдылықтары Тянь-Шань тауының Іле Алатауының континент ішіндегі шөл зонасында орналасуымен анықталады. Ылғалдың тасымалдануы қыс пен көктем мезгілдерінде азаяды. Қыс және көктем айларында осы аймаққа Арктиканың құрғақ әрі суық ауасы енеді. Оларға таулардың кедергі болуы ылғалдандыруын арттырады. Сонымен қатар негізгі климаттық көрсеткіштер жергілікті жерде биік өскен сайын, ауаның ораташа температурасы азайып, атмосфералық жауынның көбейіпғ жоғары мөлшерде жауатындығы анықталған. Температуралық режим беткейлердің құламалығына және беткенйлер экспозициясына байланысты өзгеріп отыратындығы анықталған болатын.
Климаттық ерекшеліктері туралы айтып өтпесек болмас. Экзогендік процестердің дәрежесін анықтау арқылы жүзеге асып отырады. Климаттың ерекшелігі – бұл биікке байланысты анық дифференцияның болуы.
Іле Алатауының гидрографиясымен танысайық. Іле Алатауының өзендері қатты ағысты, тереңдік эрозиясы жақсы дамыған жас тау өзендері. Жазықтық олардың суы азайып, тыныш ағады. Бастауларының орналасуына , қоректену сипатына, су режиміне, байланысты барлық өзендер бірнеше топқа бөлінеді.
1.Таулық
2.Тауалдылық
3.Жазықтық
Осы аталған үш топқа жазатын бірнеше ірілі-ұсақты өзендер бар екені рас. Енд, селдің жүруі елге және табиғатқа зардабын тигізбес үшін біз не істеу керектігін жоғарыда атап өттік. Дегенмен әрбір адамда жауапкершілік пен сақтық шараларын ұстану қажет. Апат айтып келмейді. Ол соңғы секундтарда жердің астаң-кестеңін шығарып тастауы мүмкін. Бірақ мамандардың алдын-ала болжамдары да болатыны хақ. Сақ болайық!