Еламанова Айгерим Байгалиевна
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Біздің уақыт — өзгеру уақыты. Бәрі өзгереді — салт-дәстүр, құндылықтар мен басымдықтар. Уақыт алға жылжуда, ал өмір тұрақтамайды, адамдар өзгереді және жаңа идеялар, жаңа ашылулар пайда болады, жаңа заңдар жазылады, жаңа ғылымдар ойлап табылады, жаңа мектептер пайда болады! Бір кездері Е.Коменский: «Біздің оқу — құлшыныспен оқуға және жақсы істеуге, одан да құлшыныспен — ең жақсыға, ең құлшынысқа ие болуға үйрететін мектеп — бақытты», — деді. Мен қаладағы ең жақсы мектептердің бірінде жұмыс жасаймын және мұғалімдік мамандықты таңдағанымды мақтан тұтамын. Менің мұғалім ретіндегі міндетім — балаларға сапалы білім бере отырып оқушыларға дайын білімді беруі ғана емес, керісінше қиыннан жеңілге қарай көтерілу бағыттап, оқушының сыни тұрғыда ойлау қабілеті қалыптастыруы керек. Ол үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға бай болуы тиіс. Инновацияларды енгізу арқылы біз де оқыту мен оқу үрдісіне бүкіл әлемде тиімді қолданылып жүрген заманауи тәсілдерді қолдану керекпіз. Сындарлы оқыту әдістемелерінің тәсілдерін білім беруде пайдаланып, оқушының пәнді терең түсінуін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуіміз керек. Мысалы: оқыту мен оқу үрдісінде топтық жұмыстың тиімділігі өте зор. Кез келген сабақта шағын топтар құрып, оқу материалын талқылаудағы тапсырманы жан-жақты топ арасында талдап, оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы арқылы бір-біріне түсіндіргендері ұтымды жұмыс.Жалпы, топтық оқыту – үлгісі педагогикалық үдерістің бір элементі болып табылады. Топтық жұмыс жасау,ағылшын тілі мұғаліміне сабақта “тілдік орта” құруға ықпал етеді, яғни шет тілінде сөйлеуге оқушыларды жақындатады. Әр топ мүшелерінің қажетті білімі болып, қажетті дағдыны қалыптастыруы керек:
- «Марапаттаулар»;
- Әр оқушының дара(дербес) жауапкершілігі;
- Әрбір оқушының жетістікке жетуге теңдей мүмкіндіктері бар;
Топпен жұмысты ұйымдастыру үшін пайдалы ұсыныстар келтірейік: Топта 5 оқушыдан артық болмауы керек (кеңесші рөлін атқаратын әр топта өте жақсы дайындалған ең болмағанда бір оқушы болуын қадағалау қажет) Тапсырманы қысқа, анық және нақты түсіндіріңіз. Біріге жұмыс жасауға дағдылану үшін оқушыларға уақыт керек, егер ол топтар ауыспалы құрамды болса, оларды асықтырмаған жөн. Топпен жұмысты созудың қажеті жоқ. Тапсырма дайындау уақытын белгілеп, сол уақытты нақты қадағалаңыз. (оларға дайындалуға аз ғана уақыт беріп, шамалы уақыт өткен соң уақыттың таяп қалғанын ескерткен жөн, мысалы, 2 минут қалды деп). Жұмыс басталған соң оған араласпаған дұрыс және қарым-қатынас барысында оқушыларға кедергі келтірмеңіз, тек қарым-қатынас үдерісіне кедергі келтіретін қателерге ғана мән беріңіз. Басқа қателерді өзіңізге жазып алып, алдағы уақытта ол қателермен қосымша жұмыс жасаңыз. Топтық тапсырмаларды дайындау барысында, әр топ нені талқылап жатқанын бақылап жүріңіз, бірақ топтың қасында ұзақ уақыт бөгелмеңіз, себебі сіздің бақылауыңыз жұмысқа кедергі болуы мүмкін. Тапсырманы түсіндіру, дайындау үдерісі, бақылау, топтық қатынастың қорытындысын шығару шет тілінде жүргізілуі тиіс. Тапсырманы уақытынан бұрын орындайтын оқушылар өзге топ оқушыларына кедергі келтірмеуі үшін, қосымша тапсырмалар дайындап қою қажет. Әр топ мүшесінің ойын мұқият тыңдап шығыңыз. Оқушылар жұмыс бағалап, өз ойыңызды айтыңыз. Қарым-қатынастағы ерекеше сәтті мерзімді баса айтып өтіңіз (дұрыс қолданылған тілдік материалдар,лексикалық толықтырулар, грамматикалық формалардың қолданылуы, эмоционалдық фон интонациясы), қателерді назарға алмаңыз. Сыныптағы жағымды психологиялық климаттыи сақтау үшін, мұғалім қателерді ешкіме тура айтпай, жалпылай дұрыстағаны жөн. Оқушылар қатені оқу үдерісінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде қабылдауы керек. Мүмкіндігінше қателерді оқушылардың өздері дұрыстағаны абзал. Сонымен оқушыларды топпен оқыту:
-топтық оқыту оқушылардың тілді үйренуге ынталандырады, пәнді меңгеруде тұрақты белсенділікті қалыптастырады;
-сабақта топтық оқытуды енгізу оқушылардан белгілі бір даярлықты талап етеді, сондықтан топтық оқытуды ендірудің бастапқы кезеңінде оқушыларда бейімделу процессі жүзеге асырылады;
Топта жұмыс жасау бұл- адамдардың ортақ мақсатпен жұмыс жасауы. Адамдар бірге ортақ мақсат пен міндеттер бар болғандықтан топ мүшесі болады. Ал топ мүшелерінде бір-біріне деген сенім болуы тиіс.Сенім- бұл нәтижеге жетудің бірден бір жолы.