Сұлтанғазин Бекарыс
Алматы қаласы
Қазақстан жастары саясатқа қаншалықты қызығады?
Күштілердің қайырымдылығы көбінесе алпыс айлалы саясат болып табылады, ол саясаттың мақсаты-халықтың махаббатын жаулап алу. Ал Қазақстандық жастардың саясатқа қызығушылығы қаншалықты? Олардың саясат жайлы ойлары мен билікке, қоғам мүддесін қорғауға бейімділіктері қандай? Осы және өзгеде сұрақтардың жауабын алу мақсатында бір ай көлемінде сауалнама жүргізген болатынмын. Сауалнама онлайн (әлеуметтік желілер мен жастардың WhatsApp желісіндегі ортақ топтарында) және офлайн (ірі көшелер мен сауда орталықтарының алдында) жүргізілді.
Сауалнамаға жалпыц саны 1547 адам қатысты олардың 47,8%-ы саясатқа мүлде қызықпайтынын, 10,5%-ы жай ғана қызықпайтынын, 11,4%-ы қатты қызығатынын, 7,8%-ы қызығатынын, 20%-ы саясат жайлы мүлде ойламайтынын жеткізді.
Сауалнама нәтижесінде жастардың басым бөлігі саясатқа қызығушылық танытпайтынын аңғардық. Бұл Қазақстан жастарының лидерлік жағынан осалдығы ма әлде совет одағының әсерінен қалған саясатқа деген қорқақтық па? «сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген түрік жастарының ұраны еске түседі осындайда. Еліміздің жүрегі жастар, олардың уайымы мемлекеттің болашағымен, елдігіміздің іргесінің биіктеуі болуы керек. Әйтпесе, әркім өз алды болып, даңғарадай жерімізде дәнеңедей бірлік қалмайды.
Қортындылай келе Харс Йенсеннің «елден ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, ақыл-ой иелері кетсе, сол елдің сәні-интелегенция құриды. Ондай елде бизнесмендер билікке келеді, көшедегі кім көрінген саясаткер атанады.Ал әртістер мен спортшылар, базардағы алып сатарлар депутат болады.»-деген сөзін алға тартып, Мағжан сенген жастардың Қазақстан болашағына бейжай қарамайтынына сенемін.