Home » Мақалалар » Мектеп жасындағы балалардың анатомия-физиологиялық және психикалық ерекшеліктері

Мектеп жасындағы балалардың анатомия-физиологиялық және психикалық ерекшеліктері

 Жамбыл облысы,
Тараз мемлекеттік педагогикалық
университетінің оқытушысы,
педагогика және психология магистрі
Темірбай Нұржан Маратұлы

 

 

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№6 бөбекжай-бақшасының логопеді
Қонысбай Айдана Ержанқызы

 Балалар мен жас өспірімдердің қозғалыс мүмкіндіктері жас ерекшеліктеріне қарай топтардың әрқайсысына тән олардың морфофункциональдық ерекшеліктерімен өте тығыз байланысты. Балалардың, бозбалалар мен жасөспірім балалардың ағзасының дамуы үздіксіз, бірақ біртекті емес жүріп отырады. Салыстырмалы қарқынды дамудың жеке кезеңдері баяу даму кезеңдерімен алмастырылады. Бұдан бөлек жеке кезеңдерде маңызды вегетативті ағзалардың дамуында қарқынды даму кенеттен бірден  артта қалушылықпен қатар жүреді.

Үздіксіз физикалық жаттығулар, әсіресе, мысалы, жүгіру, секіру, лақтыру сияқты әр түрлі және табиғи жаттығулар, сөзсіз балалардың, жасөспірім және бозбалалардың ағзасындағы сапалық және сандық өзгерістерге белсенді және оң әсер етеді. (егер де олар мектеп оқушыларының анатомия-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерін негізге алып құрылған ғана жағдайда).

Кіші буын (6-10 жас). Балалар дамуының бұл кезеңі ағзаның қарқынды, бір қалыпты және бір текті дамуымен сипатталады. Мысалға бір жылда дененің ұзындығы мен салмағы  сәйкесінше орта есеппен 4-5 см және 2-3 кг-ға өседі, кеуде тұсының шеңбері 2-3 см-ға өседі. Бұл жас кезеңінде ер балалар мен қыздар шамамен бірдей өседі, алайда ер балаларда дененің ұзындығы негізінен аяқтың ұзындығы есебінен, ал қыздарда дененің есебінен өседі.6-10 жас шамасында сүйек тканы мен ағза қаңқасының жалпы қалыптасуы жалғасады. Бұл жастағы балалардың сүйектерінің құрылуы ересек адамдардың сүйегінің құрылуына негізінен бара-бар. Алайда бұлшық еттер мен сіңірдің үлкен иілгіштік қасиетіне қарай 6-10 жастағы балалардың буындарының иілгіштігі ересек адамдардікімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Кішкентай мектеп жасындағы балаларда сүйектің қатаю процесінің аяқталуына әлі ерте. Мысалы, жамбас сүйегі тек 7-8 жастан бастап қана өсе бастайды. Сондықтан сабақ барысында жамбас сүйекке қатты күш түсіретін жаттығулардан аулақ болған жөн (жоғары биіктіктен секіру, ауыр көтеру).

Бұл жастағы балалардың бұлшық еттер жүйесі өте әлсіз дамыған, бірақ бұлшық етті дамыту қарқынды темппен жүзеге асады және қолдардың бұлшық етінің күші екі есе өсті, ал дененің күші  ұлдар мен қыздарда сәйкесінше 10-15 және 20-30 %-ға көбейеді. Кіші буындағы оқушылар құрамы және қысқарту қабілеті бойынша ересектердің бұлшық ет тканьдерінен ерекшеленеді. Кішкентай балалардың бұлшық етінде судың артықшылығы және ақуыздар мен майлардың жетіспеушілігі байқалады, бұл өз кезегінде олардың бейімділігін қамтамасыз ететіні анық. Бұл жаста жеке бұлшық ет тобында өсімталдықтың дамуының кейбір сәйкессіздігі байқалады – аяқтың, дененің және иық белдеуінің ірі бұлшық еттері сүйектің ұсақ бұлшық еттері мен табанға қарағанда тезірек дамиды. Осы себептен де балалар майда бұлшық еттердің нақты және келісілген жұмысын қажет ететін жаттығуларды қиындықпен орындайды.

Бұл жаста қимылдатқыш және вегетативті қызметтің жас мөлшері дамуы бірдей бағытталмайды. Вегетативті мүшелер мен жүйелерді реттеп отыратын механизмдер өзінің жеке дамуында қозғалтқыш аппараттарды басқаруға  қабілеттері дамуының қарқынынан едәуір артта қалады. Маңызды вегетативті тыныс алу, жүрек тамырлары жүйелерін көп мөлшерде балалардың жұмысқа қабілеттілігінің деңгейі мен олардың ағзасының түрлі фихикалық күшке бейімделуін анықтайды. Бүйрек, жүрек, жүрек қан тамырлары бір-біріне қатынасы бойынша әртүрлі дамиды. 10 жастағы балаларда жүректің қатыстық көлемі (дене салмағының 1 кг-на) әлдеқайда аз. 7-8 жаста жүректің иннервационды аппараты толығымен қалыптасады, бірақ баланың жүрек бұлшық етінің күші толық қалыптасып бітуге әлі ерте. Бұл минуттық көлемге да қатысты. Алайда, бұл теңдік ересек адамдарға қарағанда жүрек соғуының қысқару санының жиілігі есебінен теңеседі (минутына 80-90 соққы). Өз кезегінде минуттық жүрек соғуының азаюы мен қан айналымының жоғары жылдамдығы ересек адамдардың қан айналым тканьдеріне қарағанда көп байқалады.

Баланың жүрегі жұмыстың түрлі тәртібіне әлдеқайда жеңіл бейімделеді және өзінің жұмысқа қабілеттілігін салыстырмалы түрде тез қалпына келтіреді. Бірақ бұған қарамастан дағдылы механизмдердің толық жетілмеуі жүрек жұмысының кейбір тұрақсыздығына әкеледі. Сондықтан да шамадан тыс мөлшердегі физикалық немесе психикалық күш жүрек жұмысының қызметінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Балалардың көкірек қуысының, тыныс алатын бұлшық еттердің және өкпе тканьдерінің құрылуының кейбір ерекшеліктері олардың тыныс алуы үстіңгі және жиіге әкеліп соғады. Абсолюттік көрсеткіш бо        йынша 7-10 жастағы ұлдардың өкпесінің тіршілікке қажетті сыйымдылығы қыздардан 100-200 см-ге алда болатынын көрсетті. Өзінің циклдік сипаты мен шынайылығының негізінде жүріс және жүгіру сияқты  жеңіл атлетика жаттығулары дұрыс тыныс алуды құру мен жүзеге асырудың ең жақсы құралы болып табылады.

Кішкентай мектеп жасындағы балалар сыртқы наразылыққа, әсіресе жағдайға тез бейімделуді немесе қимыл сипатының және бағытының бірден өзгеруін қажет ететін кезде мақсатты түрде жиі әсер етеді. Кішкентай мектеп жасында балалардың интеллектуальдық және эмоционалдық әрекетінің жеке психологиялық ерекшеліктерінің негізгі типтері қалыптасады: өте жылдам, білім берудің шартты рефлекстері мен дифференциясының жылдамдығымен және нақтылығымен ерекшеленеді; (бұл типтегі балалар жұмысына деген іскери және дер уақытында қатынас танытады, өте сабырлы, қоршаған орта жағдайында бірден бағытын таба алады); инерциялы (салғырт), шартты рефлекстер мен дифференциялардың баяу білім алуымен ерекшеленеді (бұл типтегі балалар қарқынды, үндемейтін, біреудің айтқанына көнгіш, сыртқы ортаға қызығушылығы төмен, олардың арасында сабақта немесе спортта үлгермеушілер де  жиі кездеседі); тежеуішті (шартты рефлекторлық байланыстары үлкен қиындықпен қалыптасқан, бірақ дифферециялары оңай туатын балалар, бұлар әдетте сабырлы, салмақты балалар, жұмыстың жаңа түріне әрең дегенде ауысады); еліккіш, шартты рефлекстерді жеңіл және тез меңгеретіндігімен, дифференцияларды баяу және қиын қалыптастырумен сипатталатын балалар (бұл типтегі балалар спорт сабақтарында тынышсыз, өте жыбырлақ, әңгімешіл, тұрақты назар аудартуымен ерекшеленеді).

Аталған типтер балалармен оқу-жаттығу жұмыстарының сипатына тікелей қатысы бар. Сондықтан да оларды жас спортшыларға жеке жұмыс жасау кезінде ескерген жөн.

Орта буын (11-14 жас). Бұл жас айтарлықтай морфофункциональдық өзгерістермен сипатталады, себебі бұл жаста жыныстық қалыптасулары ер балаларда бастапқы кезге, ал қыз балаларда алғашқы жарты жылдығына сәйкес келеді. Нақты осы жаста дене ұзындығының қарқынды өсуі байқалады. Бұл кезде бұлшық ет салмағының, артынша барлық дене салмағының қарқынды өсуі жүзеге асады.  Әдетте жасөсіпірім қыздардың ұлдарды дене салмағы мен ұзындығы бойынша басып озатыны қалыпты жағдай. Бұл жаста бұлшық ет салмағының көлемі ғана емес, сондай-ақ бұлшық еттердің қызметтік қасиеті де айтарлықтай өзгерістерге ие болады. 12-14 жастағы ұлдардың бұлшық ет күші қыздарға қарағанда әлдеқайда жылдамырақ көбейеді, сонымен қатар егер де ұлдарда абсолюттік және қатыстық көрсеткіштері (1 кг салмақ есебінде) бір уақытта көбейсе, қыздарда 12-13 жасқа қарай жалпы дене салмағы күшті басып озады, ал бұл қатыстық күш көрсеткіштерінің төмендеуін сипаттайды. Сондықтан да қыздарға өз денесінің салмағын ауыстыру мен ұстап тұрумен байланысты жаттығуларды орындау қиын тудыратынын осымен дәлелдесек болады. (вис, өрмелеу, секірулер) Жас өспірім шақта ағза қаңқасының қалыптасуы белсенді түрде жүзеге асады. Алайда, омыртқа үлкен иілгіштікті сақтай отырып әлі жеткілікті түрде күшті бұлшық еттермен бекімеген соң түрлі қисаюларға бейім.  Сондықтан да жас өспірім балаларға толық күшпен, екпінмен келіп үш секіріс жасау, 100 см ұзындықтағы биіктікке секірулер мен қатты тіреуішке жерге қону, өз дене салмағынан артық ауыр заттармен отырып тұру, осы сияқты басқа да жаттығуларды жасау қарсы көрсетілген.

Бір сипаттағы қозғалтқыш физикалық жаттығулары бұлшық еттің бір жақты дамуына және нәтижесі ретінде омыртқаның қисаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан да жаттығуларды таңдау кезінде қажетті күш арқа мен мойын бұлшық еттеріне түсетіндей, бүкіреюге әкелмейтіндей жаттығуларды таңдаған жөн. Бірінші сабақтан бастап жүгіру мен секіру кезінде омыртқаны тік ұстауын қадағалаған жөн.

Вегетативті мүшелер мен жүйелер, сондай-ақ олардың қызметінің регуляциясы бұл кезеңде даму және қалыптасу үстінде болады. Бұлшық ет, жүрек қан тамырлары, тыныс алу және ағзаның басқа жүйелерінің жас ерекшелігіне сәйкес морфофункционалдық ерекшеліктері ересек адамдарға қарағанда тез өндірушілік сипатымен сипатталады. Бір сипатты жұмыс жас өспірімді жалықтырып жібереді, сондықтан да сабақ барысында жаттығудың сипатын үнемі өзгертіп тұру қажет. Жас өспірімдер ересек адамдарға қарағанда күш жұмсағаннан кейін күшін тез қалпына келтіреді. Мұны демалу, тынығу уақытын белгілеуде ескерген жөн. Жасөспірім шақта қызуқындылық әсерді шектеу, тежеу қызметі жақсы дамымаған, сондықтан да жасөспірімдер өзінің физикалық мүмкіндіктерін асыра бағалауға құмар келеді. Түрлі сипаттағы күштерге жас өспірімдердің ағзасы әр түрлі әсер етеді. Мысалы, жылдамдық және жылдамдық-күшті қажет ететін күштер шыдамдылық пен күшті қажет ететін жаттығулармен байланысты күштерге қарағанда оңай көтереді. Зерттеушілер жасөспірім шақ жылдамдық-күштік қасиеттерді тәрбиелеу үшін әсіресе тиімді екенін көрсетті.

ЦНС және оның қызметі жас өспірім шақта жетілуді жалғастырады. Бұл кезде ішкі түйсік пен эмоционалдық реакцияларға сәтті бақылау жүргізуге болады, бірақ қозу және тежелу процестерінің тұрақтылығы әлі де көп емес, әсіресе, ең алдымен, қозу процесі байқалады, ал бұл өз кезегінде жылдам жүйке және физикалық шаршауға әкеліп соғады. Жас өспірімдерде қозғалыс координацияларының, олардың нақтылығының төмендеуі орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың негізгі себептерінің бірі мамандардың пікірі бойынша бұлшық ет күшінің және оған пропорционалды емес дамыған дененің уақыттық жағынан сәйкессіздігінен деп атайды. Осыны ескере отырып жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңі басталғанға дейін спортпен үздіксіз жаттықтыру қажет және жасөспірімнің спорттық қабілеті туралы алдын ала шешім шығаруға асықпаған жөн. Жас өспірімдерде оқу сабақтары процесінде өз танымын дұрыс ұйымдастыра білу мүмкіндігі ересек адамдардың деңгейіне жақындап, толық жетіле бастайды. Олар меңгерілген білімнің маңызын сыни тұрғыдан сезінуге тырысады. Оған өзінің жеке қарым-қатынасын өндіріруге, оқу материалын есте сақтап қана емес, оны түсініп, оның шынайылығын түсіндіруге тырысады, ал бұл педагогқа сапалы оқыту жағына міндеттер қатарын жүктейді.

Ересек буын (15-17 жас).  Бұл жас дамудың өте баяу және бірқалыпты өсуімен сипатталады, әсіресе жігіттер қыздарға қарағанда тез жетіледі. Бұл кезеңде олардың жыныстық жетілуі аяқталып, бозбалалар мен бойжеткендердің үлкен адамдардан дене мүсіні бойынша еш айырмашылығы болмайды. Ер балаларда қыздармен салыстырғанда қол-аяқтары ұзынырақ болатындықтан және ОЦТ орналасуы салыстырмалы түрде жоғарырақ болатындықтан оларға жүру, жүгіру, секіру сияқты жаттығуларды орындау оңай болады. Қыздарда керісінше, ОЦТ сәл төмен болғандықтан, денеге үлкен тұрақтылық беріп, тепе-теңдікпен байланысты қозғалмалы дағдыларды жақсы меңгеруіне септігін тигізеді (дискі лақтыру, ядроны итеру).

Үлкен сүйектер бұл кезеңде мардымсыз өседі, бірақ та жуандап және бекітіледі, осыған байланысты ағзаның қаңқасы біршама күшті көтеруге шыдайды. Бұлшық ет жүйесі қарқынды дамиды, әсіресе  бозбалаларда.  17-18-жасқа қарай бозбалаларда бұлшық ет салмағы дене салмағының 45%-ын құрайды. Бұл жас бозбалаларға тек қана үлкен ғана емес, сондай-ақ жеке жағдайларда да жоғары бұлшық ет күшін қажет ететін жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Қыздарда бұлшық ет салмағының артуы 15-17 жас шамасында онша байқалмайды және бір қалыпты болмайды: көбінесе жамбас сүйек бөлігінің бұлшық еттері дамиды және ең азы қол мен иық белдеулеріндегі бұлшық еттер ұлғаяды. Дәл осындай жеке бұлшық ет топтарының күшінің дамуындағы сәйкессіздік үнемі спортпен айналыспайтын қыздарға өз дене салмағын көтеруге арналған көптеген жаттығуларды орындауға кедергі жасайды (секіру, жүгіру). Тіпті жаттығып жүрген үлкен жастағы қыздармен сабақ жүргізу барысында ішкі құрсақ қысымын көтеретін және кіші жамбас мүшелерінің іс-әрекетін қиындататын жаттығулардан сақтанған жөн.Үлкен бозбалалық шақта жүрек-қан тамырлары жүйесі жетіле бастайды, бұл жүректің көлемінің, қан тамырлары саңылауының, жүректің соғуы мен минуттық көлемінің өзгеруінде де көрініс табады. Күштерге жүрек-қан тамырлары жүйесінің кері әсері адекватты бола бастайды, бұл ағзаның шыдамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әкеледі.

Тыныс алу мүшелерінің кейінгі дамуы мен жетілуі ересек буындағы оқушылардың ағзасының қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы жоғарылауын қамтамасыз етеді. Нақты айтқанда бұл кеуде тұсы көлемінің өсуінен, тыныс алу жүйесінің және оттегіні пайдалану пайызының ұлғаюынан көрінеді. Бірақ мұндай жағымды өзгерістерге қарамастан ересек мектеп оқушылары үлкендерге қарағанда бұлшық еттерді қатайтуға және тыныс алуды ұстап тұратын жаттығуларды қиын орындайды.

Қыздардың ер балаларға қарағанда қан айналым аппараты мен тыныс алуының функционалдық мүмкіндіктері айтарлықтай төмен болғандықтан, шыдамдылықты танытатын жүктемелердің мөлшерін өте қатаң белгілеу керек. ЦНС дамуы ересек буында аяқталады. Қозу және тежелу процестері байсалдырақ бола бастайды, мидың аналитикалық және синтездеу әрекетінің мүмкіндіктерін жақсартады. Бұл сабақтарды өткізуде қолданылатын құралдар мен әдістердің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.Аталған жаста тұлғаның негізгі психикалық процестері мен жеке қасиеттері қалыптасуы жүзеге асады.Қабылдау, назар аудару, ойлау процестері жоғары буында ұйымдасқан түрде жүргізіледі. Балалар мен қыздар жасөспірім шақта білім меңгерудің рациональды әдістерін меңгереді, олардың абстрактілі ойлау қабілеті, логикалық есте сақтауы, шығармашылық қиялы дамиды. Алайда үдемелі қарқындылығы бойынша психикалық процестердің бұл түрі ересектерге қарағанда әлсіздеу.Жоғары буын дүниені тану көзқарасының қалыптасуы үшін және қоғам өмірінің талаптарына, спортқа саналы әрекетті құру үшін негізгі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиетер:

  1. Балалар мен жас өспірімдердің тазалығы: Оқулық/ред.басқ. Г. Н. Сердюковской. — М.: Медицина, 1989

2.Типовая программа по физическому воспитанию учащихся 1-11 классов общеобразовательной школы.

3.«Теория и методика физического воспитания»  под ред Л.П. Матвеева М: ФиС 1986

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.