Home » Мақалалар » Табиғи ортаны таза сақтайық

Табиғи ортаны таза сақтайық

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№9 орта мектептің география пәні мұғалімі
Аманов Амангелді
      Адам өзін ғасырлар бойы табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, өзіне бар қажетті алып, бірақ оған келтірілген зиянының орнын толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбеген. Ол табиғат ресурстарын барынша пайдалану, оның қорларын азайту мен қатар, сапалық күйін нашарлата түсті. Бұл жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттарының болуынан көрінеді.
     Каспий теңізінің қазақстандық секторы бағалы биологиялық ресурстар мен минерал-шикізат потенциялына бай: еліміздің экономикасын көтеруде стратегиялық елеулі орында. Каспий теңізінің 1350шақырымға жететін жағалауына ерекше көңіл бөлуі керек.
Әлем ғалымдарының тұжырымдауынша, каспий теңізін ең алдымен мұнай қалдықтары ластауда «Қара алтын» су айдынына түсуі от тегі қорын азайтып, тіршілік көзіне қауіп төндіруде. Оның үстіне сайп келгенде, теңізде булану жылдамдығының бірнеше есе кемуі жылылық пен ылғалдылық алмасуына да кері әсерін тигізуде. Теңіздегі тіршілікке төнген қауып қанаттыларға қатысты жайлардан да анық байқалады. Мәселен мұнай төгілген теңізде қонақтаған құс бойында жылу алмасушылық қасиеттері кемиді. Сөйтіп олардың жаппай өліміне соқтырыды.
Маңғыстау облысының радиациялық қалпы сағатына 7-14 микронтген қурайды. Терендегі мұнай мен бірге шығатын су құрамында радии, барии, тории, элементтерінің тұздары шығады. Су тасымалдау кезінде тогілген жерлер және трубаларды, насостардың бойында тұрып қалып сол құралдарды радиациялық қалдықтар қатарына жатқызылады. Табиғи климаттық жағдайы бойынша толығымен Маңғыстау экологиялық тұрғыда жайсыз күннің радияциясы аса қатты қыздыруы, қатты жел температураның көп ауытқуы жауын шашының аз мөлшері.
Маңғыстау экологиясы әлі күнге мақтанарлық  жағдайда емес. Біз өз туған еліміздің экологиясына өз деңгейінде көңіл бөлуіміз керек.
Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе теңдіктің бұзылуы 21-ғасырдан бұрын соңды болмаған деңгейіне жетті. Ғаламат жаңалықтарымен бірге  өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас-талқаның шығарған. 1953-1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ аландары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді. Қазақстанның қазіргі экологиялық жағжайы ғаламдық шеңберлер проблема тудыратын мәселеге айналып отыр.
Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр метаалдар, өңдіріс орындарының айналасындағы халықтың ден саулығына, топырақтың, ауа құрамының өзгеруіне үлкен әсер етеді. Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, құрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер-табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және эко жүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, био көптіліктін жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мұнда тыныс алу жолдарыныың қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары.
Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың алдынғы қатарына жатады. Қауіпті нүктелердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл өнір Семей, Аралдан кейінгі ушінші орында.
Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп тұрған Қошқар ата улы көлінін су астында 104 млн. Тонна улы қоспа жатыр.
Сондықтан да түбектің экологиялық ахуалына көңіл бөлінсе, ең азы тұрмыстан шығатын қалдықтарымызды кез-келген жерге тастамай, тазалық сақтаудан бастасақ деген оймен қорытынды жасадым.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.