Әскербай Меиржан Ержанұлы
«Өмірде әрбір адам ұстаз болуы керек» (Ахмет Байтұрсынұлы).
Ұлт жанашыры айтып кеткендей, елге ең керек адам ол — ұстаз. Әрі кетпей-ақ, педагогика саласында жүрген мамандарға тоқталар болсам, осы жылдан бастап бұл салаға түскен студенттерге ерекше көңіл бөлінетін болды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика мамандықтарының стипендиясын 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге арттыруды тапсырды — деп хабарлайды БАҚ өкілдері (БАҚ өкілдерінің орнына кез келген источникті қоя сал). Бұл осы жылы қабылданған ең дұрыс шешімдердің бірі десем артық болмайды. Шебер ұстадай ұстарасын ұштап жүрген ұстаздардың еңбегін бағалап, ең үлкен құрмет білдірілді деп ойлаймын.
«Ұстаз болу үшін оқытатын пәніңді өзің де сүюің керек» (В.О.Ключевский). Шәкірт тәрбиелеу әлемдегі ең қиын істердің бірі. Ұстаздың басты міндеті қанатының астына алған баладан азамат қылып шығару. Бұл мамандықта эмоцияға берілмей кәсіби этиканы сақтаған жөн. Алайда тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы демекші, сабақ барысында кейде дұрыс тәлім-тәрбие беру үшін жеке қағидаларынан бас тартуға тура келеді. Осыдан-ақ ұстаздың жүгі ауыр екенін аңғарамыз.
«Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» (Әл-Фараби). Алынған білім ізгілікке жұмсалса, әлемнің дамуы бірден жоғарылайды. Онда күмәніңіз болмасын. Ұлылыққа жетелейтін ұстаз – ұлтының тұғыры болады. Президентіміздің ұстаздарға жанашырлығы ұлт болып көркендеуімізге септігігін тигізеді. Дамыған елдерге тоқталатын болсам, Жапония, Германия, Қытайда білім мен ғылымға бөлінетін ақшаның көлемін айтпай-ақ қойса да болады. Ғылым ізгілікке де, зұлымдыққа да жол бастауы мүмкін. Ол адамның өзіне тікелей байланысты. Білім мен ізгілік бір жолда тұтасса, сол елдің болашағы өркендейді.
Қорыта келгенде, еліміздің білім мен ғылымға мән беруі болашаққа деген үлкен қадам. Ұстаздарға көңіліміз ашық, ойымыз түзу болғай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.