Home » Мақалалар »    Бастауыш сынып апталығының қортындысы

   Бастауыш сынып апталығының қортындысы

 

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
Қ.Күржіманұлы атындағы 8мектеп
Канатбаева Жамила Бисенгалиевна

Жаңаөзен қаласындағы  Қашаған Күржіманұлы атындағы № 8 орта мектебінде 27 қаңтар мен 7 ақпан  2,3 сыныптар  арасында  «Білімді ұрпақ –ел тірегі» атты апталық  өтті.
Мақсаты:оқушылардың әр салада білімін кеңейту,шығармашыл ізденіске  жетілдіру ,топпен ұйымшылдықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.Отан тарих –табиғатына құрметпен қарауға ,еңбекқорлыққа ,мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
   Апталықта бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің іші  тақырыпқа,мерекеге сай шарлармен түрлі әдемі суреттермен безендірілді.Ашылу салтанатында оқушылар өз өнерлерін көрсетті.3 желтоқсанда әдебиеттік оқу пәнінен Реймбаева Мөлдір «Туған тілім»тақырыбында ашық сабақ өтті.Оқушылары сабақта белсенді қатысты.
Джузбаева Баян мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг сабақ  өткізді.Әртүрлі психологиялық  жаттығулар жасатты.Тренингтің соңында «Әйел бақыты» әнімен аяқтады.
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс тәсілдерін шебер қолдана білді.Әсіресе бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып оқушылардың қабілеттеріне сай жасалды.Оқытудың ұйымдастырудың әртүрлі формалары:ұжымдық,топтық,жұптық жұмыс  түрлерін кеңінен пайдаланды.
Заман талабына сай жаңа технологияның пайдалану мақсатында интерактивтік тақтамен әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып сайыс сабақтар өткізілді.
  5 ақпанда  3 «г»  сыныбында дүниетану пәнінен «Елді мекен қалай болады?»атты ашық сабақ болды.Оқушылар өте тәртіпті,ынталы қатысты және топпен жұмыс жасай білді.Әр тапсырма сайын бағалау парағы толтырылып отырды.
Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері  көптеген қызықты сыныптан тыс шаралар өткізді.2сыныптар арасында «Көркем жаза білейік»атты сайыс ұйымдастырылды.
2 сыныптар арасында «Абай дара,Абай дана қазақта» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.Байқауға 9 оқушы қатысты.Мәнерлеп оқу сайысын бастауыш сынып мұғалімі Канатбаева Жамила жүргізді.Сайыстың ережелерімен таныстырып өтті.Оқушыларды сайыс соңында марапаттады.
Сайыскерлерді бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі:Ишанбай Гүлнар Осбанқызы марапаттады.
6 ақпанда 3 сыныптар арасында «Әке- асқар тау» атты сайыс өткізілді.Сайысты жақсы ұйымдастырған, Джилгельдиева Тұрсынай жүргізді.Отбасындағы әкелердің балаға деген тәрбиесі туралы  көп нәрселер айтылды.Сайысқа қатысқан әкелермен әртүрлі ойындар,ситуатциялық сұрақтар ,адам ойына ой  салатын әңгімелерімен бөлісті.Отбасындағы әкенің ролі жоғары екені туралы видероликтер көрсетілді .                                                 Сайыс соңында әкелер мараппаталды .
2 сыныптар арасында  Бала билерге арналған « Зерде» интелектуалдық сайыс өтілді.Оқушылар рет-ретімен орындай отырып,тапсырмаларды толығымен қамтып өз білімдерін көрсете білді.Әр тапсырма сайын сайыскерлерге ұпай беріліп отырды.
Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп басшысы, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып «өте жақсы» баға берілді.  Жабылуына арналған салтанатты жиында концерт ұйымдастырылды.Белсенді оқушылар мадақтамамен және дипломмен марапатталды.Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді.Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті.Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі,өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеу арасында келген жетістік деп сенімді тұратын жәйт.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.