Алматы қаласы Білім басқармасының КМҚК «№184 бөбекжай-балабақшасында»
«Бала – Балабақша – Ата – ана!» атты қалалық семинар өтті.
Семинарда Алматы қаласы Білім басқармасы мектепке дейінгі ресурстық орталығының басшысы Н.В Карасева, Алматы қаласы Білім басқармасы инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Ә.А Сайлыбаев, Алматы қаласы Наурызбай ауданының Білім бөлімінің басшысы С.А.Кусаинова,
Алматы қаласы Наурызбай ауданының мемлекеттік балабақша меңгерушілері қонақ болды.
—Сингапурдағы іс-тәжірибені салыстырмалы түрде саралап, жақсы жерлерін өзіміздің білім беру жүйесіне енгізу мақсатында, балабақшамызда “Бала, балабақша және ата-ана” атты жоба іс-жүзінде жүргізілуде. Жобаның мақсаты: балабақша мен ата-ананың арасындағы ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын ұйымдастыру, — дейді балабақша меңгерушісі Жанна Абдуллаевна.
Жоба негізінде
“№ 184 бөбекжай-балабақшасыда” халықаралық деңгейдегі іс-тәжірибе алмасу бойынша 4 топ
“Айгөлек”, “Қызғалдақ”, “Ақжелкен” және Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған “Шағала” тобының тәрбиеленушілерімен жобаға сәйкес бекітілген тақырыптары бойынша көптеген жұмыстар жүргізілген екен.
Осы топтармен жұмыс жасап, уақыты мен жігерін арнаған педагогтер тәжірибелік топтың тәрбиешілерінің жобасы бойынша қорытынды есеп берді.
1. «Ғарыш әлемі» ересек «Қызғалдақ» тобы. Костаева А.А, Турлина Ұ;
2. «Су патшалығы» ересек «Айгөлек» тобы. Егиншинова А.С, Макашова А.Т;
3. «Әр бала – бір жұлдыз» мектепалды «Ақжелкен» тобы Асимова А;
4. «Ертегілер әлемінде» Сөйлеу тілінде бұзылысы бар ересек «Шағала» тобы. Халиева М.Ж және Мухаметжанова А.А.
Аталған жобаны жүзеге асыру барысында ата-аналармен және балалармен көрме ұйымдастырылып, Алматы қаласындағы “Мәдени” театры, “Океанариум” демалыс орталығына және де оқу барысында тәжірибелі мамандықтары бар азаматтарды қонаққа шақыртып, балалармен танысу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара “Бала, Балабақша және ата-ана!” жоба жүйесінде ата-анамен қарым-қатынас, ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік топтардың бүлдіршіндерімен “Қоқысқа жаңа өмір сыйлау” атты тақырыбында сәндік шеру көріністері және балабақша балаларының орындауында
“Біз бақшаға барамыз” әнімен аяқталды.
Семинар соңында ашық микрофон айдары өтіп, ата-аналар мен қонақтарға сөз берілді. Ата-аналар “184 бөбекжай-балабақшасы” ұжымына алғыстарын жеткізсе, Наурызбай ауданының мемлекеттік балабақша меңгерушілері алған тәжірибелері үшін рахметтерін айтты.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша.
Сондықтан “Бала, Балабақша, Ата-ана!”
үштігінің іргетасы мықты болсын.
«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы