Home » Жаңалықтар » Скринингтік зерттеулердің маңызы неде? Тексеруден неге уақтылы өту қажет?

Скринингтік зерттеулердің маңызы неде? Тексеруден неге уақтылы өту қажет?

Шыналиева Жадыра Куандыковна,
Алматы қаласы
ҚДСБ ШЖҚ «№14 Қалалық емхана»
МКК № 1 ЖПД бөлімшесінің аға мейірбикесі

Жалпы Скрининг – бұл белгілі бір жастағы сау адамдарды алдын ала медициналық тексеруден өткізу, қауіп факторлары мен ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін медициналық зерттеулер жиынтығы. Тексерудің бұл түріне салалық мамандардың консультациясы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулер кіреді.

Жыл сайын өткізілетін скринингтер әлеуметтік маңызы бар сырқаттарды ерте сатысында анықтап, асқынуларды алдын алып, өлім-жітімді едәуір азайтуға көмектеседі. Аурудың  көбінің жазылуы қаншалықты ерте анықталғанына тікелей байланысты. Уақтылы анықталған дертті емдеу де оңай. Сондықтан бүгінгі таңда елімізде ауруды ерте анықтау мүмкіндігі артып отырғаны өте қуанышты жағдай. Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге қаражат бөліп отырады. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтауға арналған скринингтер де бар.

Қала тұрғындары скринингтен жергілікті емхана арқылы өте алады. Нысаналы тексерулер 18 жасқа дейінгі балалар мен 30-70 жас аралығындағы ересектер арасында жүргізіледі. «Балалар кәмелет жасына толғанша профилактикалық тексерулерден өтіп отырады. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушісі, мектеп оқушылары, орта және жоғарғы оқу орындарының студенті аумақтық емханаға бекітілген. Ал бала-бақшаға бармайтын балалар тексеруден тіркелген емхана арқылы өтеді».

Скрининг Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келесідей дерттер бойынша жүргізіледі:

  • Зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторларын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
  • Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау – аталған диагноз негізінде динамикалық бақылауға алынбаған 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
  • Глаукомаға тексеру (көз іші қысымын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
  • Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер
  • Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер
  • Колоректальды обырды ерте анықтау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
  • В мен С вирусты гепатиттерін ерте анықтау.

«Скринингтің кейбір түрлері бес жыл сайын – әр екі немесе төрт жылда бір рет өткізіледі. Оның мерзімі белгілі бір аурудың өршу қарқынына қарай белгіленеді. Тексеруден кейін пациенттерді қосымша қаралып, консультация алу үшін салалық маманға жібереді. Қажет болғанда оларға тиісті ем-дом тағайындалады».

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.