Home » Жаңалықтар » Ұлттық тәрбие бесігі

Ұлттық тәрбие бесігі

Ұлттық тәрбиені балабақшадан бала бойына сіңіру үшін әдіскерлер қауымы жұмылып жұмыс істеуде. Біз оны еліміздегі балабақша жетекшілері мен әдіскер мамандарының  тынбай жасап жатқан еңбегінен байқаймыз. Кеше Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты №190 бөбекжай-балабақшасы аудандық семинар ұйымдастырды. «Ұлттық тәрбие негізі – балабақшада»  деп аталған семинарға Әуезов ауданынан елуге жуық балабақша педагогтері қатысып іс-тәжірибе алмасты. Семинар өткізудегі басты мақсат, балабақшаға ұлттық құндылық арқылы тәрбие беру мен оқу үдерісінің сапасын арттыру, тәжірибе алмасу, құзіреттілік орталықтардың іс-тәжірибесін тарату болып табылады. Семинарға Әуезов ауданы білім бөлімінің басшысы Г. Саттарова, Әуезов ауданы білім бөлімінің әдіскері Г. Ноғайсарина және Әуезов ауданы балабақшаларының әдіскерлері мен музыка жетекшілері қатысты.

Семинарды №190 бөбекжай-балабақша меңгерушісі Айман Русланқызы Мошекенова ашып берді. Ол өз сөзінде, бүгінгі бас қосудың маңыздылығына тоқталып, ұлтымыздың келешегі үшін атқарылып жатқан ұшан-теңіз еңбектің әлі де жалғасын тауып,нәтижесін өскелең ұрпақтың бойынан көруді бұйыртсын. Бүлдіршіндеріміз біз бойына сіңірген ұлттық тәлім-тәрбиеге лайықты боп өседі деп сенеміз деді.

   

Жиын барысында «Құзіреттілік орталықтар жұмысын үйлестіру», «Ұлттық құндылық-ұлттық тәрбие», «Ұлттық аспаптар» тақырыбында балабақша жұмыстарын ұлттық құндылықпен үйлестіруді әдіскер Нұрмағамбетова Жарқынай Қайназарқызы мен музыка жетекшісі Мамаева Диана Нұрланқызы таныстырды. Музыка мамандары бүлдіршіндеріміздің ішкі жан-дүниесіне ұлттық әуенді сіңіру мақсатында, семинарға қатысушыларға ұлттық аспаптарды меңгеруде ашық шеберлік-класын көрсетті. Ал, «Балабақшада баланы дамыту үшін қолдануға тиімді әдіс-тәсілдер» шеберлік-класын тәрбиешілер М. Қызайбек, К. Қамбарова, Г. Макашева жиынға қатысушылармен құзіреттілік іс-тәжірибесімен бөлісті.

Қазақылық асыл қасиеттерді бойына сіңіріп жатқан бүлдіршіндерге қарап тұрып, ең әуелі баланың табиғи ұлттық құқығы тапталмаса екен, қазақтың ең қасиетті, құнды байлығы осы бүлдіршіндер емес пе деген ойға қалдық.

 Алматы қаласы
Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.