Ақмола облысы, Бурабай ауданы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының
ІІ санатты тәрбиешісі
Бейсенова Шолпан Муратбековна
Мақсаты: Балаларға өз елінің тарихы жайында түсінік беру, Отанын сүюге
Рәміздерін қастерлеуге үйрету. Халқымыздың әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрін
сақтап, әрі қарай жалғастыруды ұғындыру. Ұлтжандылыққа, саналыққа
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, шағын көрме, қамшы, дайын ою-өрнек, желім, ағаш ат, кішкентай калташа.
Барысы: Балалар орындарынан тұрып, шеңберге тұрады. Қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңбер: Асыл сөздің ұстазы,
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла –бойы толған бір,
Өнерлі болар ұрпақпыз
Балалар орындарына отырады. Слайдқа қарайды.
— Балалар, біздің мемлектіміз қалай аталады?
— Қазақстан Республикасы!
— Қазақстан, Отан туралы кім тақпақ айтып береді ?
Әмір: Отаным менің — Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағың.
Орманың, көлің, бау-бағың
Қастерлеген қазағым.
Алдияр: Найзаның ұшымен қорғаған,
Халқым менің мықты ғой.
Ата-бабам әрқашан
Салт — дәстүрін сақтаған.
— Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
— Астана қаласы
Астана туралы кім біледі тақпақ ?
Камила: Астана қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Қандай керемет тамаша,
Менде бар ғой бас қала.
Абдолла: Оның аты Астана
Астананы қарасаң,
Жүрегім соғады тамсана,
Менің елім астана.
Мирас: Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.
Алдияр: Кең далада жүремін,
Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін.
— ҚР Елбасы кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
— ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?
— Қазақ тілі
— Ана тіліміз туралы тақпақты кім айтады ?
Нұрсұлтан: Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
— ҚР Рәміздерін атайықшы: Ту, елтаңба, гимн
Тәрбиеші: Қәне, балалар, мемлекетіміздің гимнін айтып берейік.
Балалар гимнді орындайды.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы «Мен елімнің болашағымын » деп аталады. «Рухани жаңғыру» — дегеніміз әрбір адам өзінің елінің, жерінің әдеп-ғұрпын, салт –дәстүрін, Қазақстан мемлекетін бүкіл әлемге паш етіп, жақсы жағынан көрсетіп таныту. Басқа мемлекеттермен тең бола отырып, ел қатарына қосылу. — Балалар, біздің бас қаламыз Астана қаласында естеріңде болса, 2017 жылы «ЕХРО-2017» көрмесі өтті. Сендер ата — аналарыңмен барып көргенде шығарсыңдар. Астана әдемі қала болғандықтан, ол жерде бүкіл әлемдік көрме өтті. Ол көрмеде әр мемлекет өзінің мәдениетін, салт — дәстүрін, қол өнерін таныстырды. Біздің мемлекетте қазақ елінің салт — дәстүрін, әдеп – ғұрпын, мәдениетін, қол өнерін бүкіл әлемге таныстырды. Біздің ата — бабаларымыз ақылды, батыр, шебер, өнерлі болған, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен сыйласқан. Сендер де салт – дәстүрлерімізді ұмытпай, өскенде одан әрі жалғастыруларың керек. Міне, мына шағын көрмеде сендерді қазақтың тұрмыс — салты мен ұлттық бұйымдарымен таныстырамын. Бұрынғы ата – бабаларымыз киіз үйде тұрған. Киіз үй көшіп — қонып жүруге ыңғайлы болған. Киіз үй дөңгелек және қабырғаларын уық дейді. Оларды шегесіз баумен ғана ұстатқан. Ал уық пен шаңырақтың арасын жалғайтын ағаш кереге деп аталады.Киіз үйдің сыртын жүннен жасалған киізбен жапқан. Оны әртүрлі ұлттық ою өрнектермен безендірген. Қошқармүйіз, құсқанат, ботакөз т.б. ою – өрнектермен киіп жүрген киімдерін де сәндеген. Торсық алыс жолға шыққанда аттың, түйенің үстіне байлай салуға ыңғайлы етіп теріден жасаған ыдыс, оған айран, қымыз құйған. Домбыра қазақтың ұлттық аспабының бірі, онымен ән айтып, күй шерткен. Мынау қалай аталады ? Дұрыс, қамшы екен. Қазақтар қамшыны қастерлеп төрге іліп қойған. Өйткені ол үйдің ер азаматы бар екен, әрқашанда аман болсын деген ниетпен. Ал, енді осы көрмеге өз үлесімізді қосып, өз қолымызбен бір бұйым жасап көрейікші. Ендеше, әсем домбыра әуенін тыңдай отырып, қамшышы өріп, қазақтың ұлттық ою — өрнектерін қолдана отырып, түскиіз жасайық.
Тәрбиеші: Қазақтың ұлттық ойындары: «Асық», «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге ілу» т.б.
Балалар қазақтың ұлттық ойыны: «Теңге ілу» ойыннын ойнаймыз.
Ойын шарты: Бала аттың үстінде шауып келіп, тоқтамастан жердегі теңгені қолымен іліп алу. Кім шапшаң, епті болса, сол жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқы шетінен өнерлі болған және осы өнерлері ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жалғасын тауып келеді. Ендеше, балалар «Қара жорға» биін билейік.
Қорытындылау: Е. Хасанғалиевтің әдемі әнін «Атамекен» балалар хормен айтады. Қонақтарға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, қош айтысады.