Home » Ашық сабақтар » Ардақты асыл аналар

Ардақты асыл аналар

Нұр-сұлтан қаласы
№63 «Әсем-Ай»балабақшасының
«Меруерт»  тобы тәрбиешісі
 Ашикова Толкын Конысовна

Мақсаты: Мерекелік көңіл-күйін құру, анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту.  Ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

(Музыка әуенімен қыздар шығады, одан кейін ұлдар қолдарына гүл алып шығады )

1.жүргізуші:

Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар, барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
2.жүргізуші:                                                                                                           

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары –дей отырып «Меруерт» тобының «Ардақты асыл аналар» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Бегім — сұлу:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Таир

Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Ән: «Анашым»поппури

Таир: Бегімсұлу сен не істеп жүрсің?

Бегімсұлу: Гүл теріп жүрмін.

Таир: Оны қайтесің?

Бегімсұлу: Ең жақсы, ең әдемі, ең мейірімді – менің анама сыйлайын деп едім.

Таир: Ең жақсы, ең әдемі мама менікі ғой, сен шатасып тұрсың!

Бегімсұлу: Жоқ, ең жақсы мама менікі!

Таир: Жоқ, менікі!

Бегімсұлу: Жоқ, менікі!

Екеуі дауласып тұрғанда тағы бір бала келеді.

Алуа: Не болды сендерге? Неге дауласып жатырсыңдар?

Бегімсұлу: Мүмкін сен дұрысын айтарсың.Таир ең жақсы мама менікі дейді, ал негізі ең жақсы мама менікі ғой!

Алуа: Е-е-е, сол ма!Дауласпаяқ қойыңдар.Ең жақсы мама менікі!

Таир: Жоқ менікі!

Бегімсұлу: Жоқ менікі!

Жүргізуші: Бұл не айқай-шу?

Таир: Апай, мүмкін сіз айтарсыз.Кімнің мамасы ең жақсы?

2.Жүргізуші: Әлпештеген баласын

Ана- бақыт, ана- күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Бәріде оны керек-ау,

Бірақ әрбір баланың

Өз анасы бөлек- ау!

Түсіндіңдер ме, балалар, әр балаға өзінің мамасы ең жақсы, ең әдемі, ең мейірімді.

Үшеуі: Түсіндік!

1.Жүргізуші: Аналарымызға тақпақтарды арнаймыз.

Тақпақтар:

Бексұлтан

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

Каримова Айлин

Гүл-гүл жайнап бәріміз
Кіреді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.

Джамартова Айлин                                                                                                         

Ақыл құйған санама, 
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.

Альмира

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Айза

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Зарина
Мен анамдысүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Алуа

Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Құрметтейміз ананы
Құттықтаймыз бүгін біз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Азиз
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар!

Амира

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп  құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Бөгембай Айсұлтан
Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған
Менсіз тамақ татпаған,
Айналайын, ақ маман!

Сарсенбай Таир

Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шатық ұлассын!

2.Жүргізуші:Балалар міне көктемнің жылы күндері де келіп қалды.Мына дыбысты естіп тұрсыңдар ма?Бұл көктемнің әні емес пе?(Көңілді әуен естіледі, балалар жан-жағына қарайды,залға көктем кіреді)

Көктем:                                                                                                                                  

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем,

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем,

Шуағын төгіп әлемге,

Жылуын күннің әкелем.

Гүлге толып құшағым,

Құлпырады кең далам.

Тіршіліктің бастауы,

Гүл көктемің мен болам!

Армысыздар ардақты, аяулы аналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздермен қайта қауышқаныма мен өте қуаныштымын!

Қыс қанша борандатса да менің кезегім келіп қалды.Ал көктеммен бірге ең бірінші күн шуағын шашады.Және гүлдер  бүршік атады.Мен өзіммен бірге жайқалған әдемі гүлдерімді ала келдім.Ендеше гүлдерімнің биін қабыл алыңыздар.

Би: «Гүлдер»

1.Жүргізуші: Балалар көктем бізге гүлдерін ала келіпті.Енді біз көктемге арналған әнімізді айтып берейік.

Ән: «Нұрлы көктем»

(ұлдар әже киімін киюге кетеді)

Тақпақтар:

Алуа

Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

Зарина                                                                                                                

Бақшаларға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.

Амира                                                                                                                                 

Кун шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.

Аруана                                                                                                             

Көктем күні әдемі,
Жерде гүлдер өскенде.
Көктем күні әдемі,
Жерде шөптер өскенде.

С.Таир: Сен тағыда не іздеп жүрсің?

Бегімсұлу: Сыйлық дайындап жүрмін.

С.Таир:: Кімге?

Бегімсұлу: Біздің ақ жаулықты әжелерімізге.

С.Таир:: Әжелеріміз дейсің бе? Олар қайда?

Бегімсұлу: Міне, қарсы алыңыздар!

Көңілді ән: «Әжелер»

Тақпақтар

Бегім — сұлу

Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем менің өйткені
Өте жақсы көреді

Мұхит Айсұлтан                                                                                                       

Менің әжем, гүл әжем
Шуағы мол, нұр әжем
Анам үшін, мен үшін
Нағыз Ана тілі әжем.

Арон Айлин 
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
1.Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Менің әжем дара»

(Таир, Бегімсұлу, Амира, Алуа,Зарина киінуге кетеді )

Ойын: «Кір жуу»

Би: «Аналарымен»

Тақпақтар

Інжу

Сеніміңді ақтайды

Еркелеткен балашың

Аман жүрші әрқашан

Мұңаймашы, анашым

Мерекеңмен өзіңді

Құттықтайды балашың

Арнап айтқан әнімді

Қабыл алшы анашым

Айша                                                                                                                       

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,
Ақ анашым ұзақ өмір сүріңіз!

Аруана
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Мирас                                                                                                                             

Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!

Джантемиров Таир                                                                                                                         

   Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөзі баланың
Анаға айтар лебізі
Анасыз жоқ бір күнің
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Аяжан
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.

Дамели
Бізді өсірген апатай
Еңбегің де зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең.

Алимжан
Қуанышта болайық,
Жақсылықты тойлайық
Аналармен қуанып
Асыр салып ойнайық.
1.Жүргізуші:  «Ақ дидарлы анашым» Ідіріс Інжудің орындауында

1.Жүргізуші:   Би: «Көңілді би»

2.Жүргізуші:  Ойын «Өз баласын табу»

(Балаларға аналарының сыйлықтарын тарату )

1.Жүргізуші: Тулегенова Бегім – сұлу мен Бауыржанқызы Алуаның орындауында  «Ата, әже» әнін қабыл алыңыздар.

2.Жүргізуші:

Анамызды құшақтап,

Мейрамымен құттықтап.

Қуанышқа бөлейміз

Өздеріміз жасаған

Сыйымызды береміз.

1.Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күндеріңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіздер.

Қуанышты жүздеріңізден әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіздер.

2.Жүргізуші:                                                                                                                 

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке                                                                                         

Отбасында болсын ырыс-береке                                                                            

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді                                                                           

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Ән: «Нұрлы көктем»

(ӘЖЕ КИІМІН КИУГЕ Мұхит Айсұлтан, Бөгембай Айсұлтан, Азиз))

Мұхит Айсұлтан ТЕЗІРЕК ШЕШІНУ

Ән: «Менің әжем дара»

(Таир, Бегімсұлу, Амира, Алуа,Зарина киінуге кетеді )

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.