Кулембекова Акбота Берикболовна,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
МКҚК «№164 бөбекжай- балабақшасы» әдіскері
Театрдың ғажайып әлемі
Ұрпақтан ұрпаққа тараған мол мұрамыздың бірі – Ертегі. Қай халықтың болмасын фольклорында келе жатқан бұл жанрдың қазақ халқы үшін ұрпақ тәрбиесі алдында алар орны бөлек. Әжесінің ыстық құшағында батырлар жайлы ертегі естіп қиялдап өскен қазақ балалары қаншама?! Ертегіден ертеңге деген ел сенімін, арман, тілегін, қиялын, даналығын, достық пен қастықты ажыратуды бір сөзбен айтқанда өмір тәжірибесін көреміз. Сол үшін де қазақ ұрпағын асыл жырлармен тербеп, ертегілермен елітіп өсірген. Ертегінің қай түрін алсақ та баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Ертегіні тыңдау арқылы бала жақсы кейіпкерге еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін ойлап шығаратын болады. Түйсік қабілеті дамыған, зерек, терең ойлы, зейінді баладан шынайы кейіпкерді сомдайтын әртіс те шығады. Бастысы бала көңіліндегі шынайылық. Ақпан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің «№164 бөбекжай балабақшасында» «Театрдың ғажайып әлемі» IV қалалық шығармашылық байқауы өтті. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері «Мақта қыз бен мысық» ертегісін өте тартымды қызықты етіп сомдап шықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық тілін алмай қатығын төгіп тастап, қайтарып беру үшін көптеген сынақтардан өтіп, қиыншылықтарды көріп көп нәрсенің қадірін түсініп қатығын әкеліп береді. Ертегі мазмұны бала санасына әр бір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейтінін көрсетеді.
Өз қатесін білу оны жөнге келтіру – даналық. Әже рөлінде ойнаған тәрбиеші Отарбаева Дарига Ергалиевна, немерелері Ардақұлы Сұңқар, Балпақ Анеля, тышқан рөлінде Азаматұлы Әміре, тауықта Несіпбай Көркем, дүкенші Нұртай Рамазан, қыздар Тлектес Аяулым, Сұлтанбек Айша, ағаш рөлін сомдаған Тимурұлы Әділжан, сиыр рөлінде Рысқали Рабиға, мақта қыз Бақтыбай Айкөркем, мысық Саламат Айғаным өздеріне берілген кейіпкерлерді жоғары деңгейде сомдап шықты.
Бүгінде білім беру жүйесі заман талабына сай үздіксіз дамып келеді. Соның ішінде балалардың көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыру, шығарма желісін сахналау бала тілінің дамуына, белсенділігіне көп ықпал ететінін көрсетті. Демек, баланың жан жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін осындай қойылымдар мен ойындардың пайдасы зор. Педагогикалық ұжымның да басты мақсаты жас буынның зерек те ойы терең, зейінді болып өсуі үшін сана сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу. Бұл жолғы өткен байқауда ұрпақтың ертеңгі жарқын жолына педагогтардың қосып жатқан тағы бір үлесі деп едім.
Акбота Берикболовна керемет әдіскер. Еңбекте шығармашылық жолында ерен еңбегіңіз бағалана берсін
Ақбота Берикболовна, еңбегіңізге табыс тілеймін. Нағыз өз ісінің маманы. 👍Алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын.
Ақбота Берікболовна Керемет әдіскер шығармашылық табыс тілеймін!
Ақбота Берікболовна жақсы керемет әдіскер
Өз ісінің маманы 👏👏👍👍
Ақбота Берікболовна өз маман иесі👏👏👏
Акбота Берикболовна шығармашылық табыс тілеймін