Үстіміздегі жылдың 21 қараша күні 107 лицейде 5 «Б» оқушылар арасында Салауаттылық – денсаулық негізі тақырыбына арналған ашық тәрбие сабағы өтті.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты: Еліміздің болашағы жастардың салауаттылық өмір салтын түсіндіріп,тәрбиелеу. Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша мәліметтерді пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға сонымен қатар ең маңыздысы оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу болды.
Сабақ барысының басты бір ерекшелігі оқушыларың «Өмір», «Денсаулық», «Бақыт» атты 3 топқа бөлінуі. Бұл топтағы оқушылар үш түрлі себет алды. Әр себетте неше түрлі жемісте мен көкеністер болды. Балалар сол себеттегі жемістердің қасиеттерін айтып, жарысты.
Сонымен қатар сабақ барысында оқышылар мағыналы бейне жазбаны тамашалап, «Салауатты өмір – ағашы» атты ойынына жалғасып кетті. Ойында бабалар өздерінің күнделік өз уақыттарын қалай өткізетіндігі жайындаға мәліметтерді тақтада тұрған ағашқа іле бастады. Жалпы бұл ойынның негізгі мақсаты: оқушылардың қаншалықты салауатты өмір салтын ұстананы, олардың салауатты өмір сүру әдеттері мен ағаштың жемістері де толыға түсті. Осылайша балардың бұл ойынды жарысып, қызақтыра түсті.
Еліміздің болашағы жастардың, бүгінгі мектеп құшағындағы оқушылардың денсаулығын жастайынан қарап, күтіп, қамқор болуы қажет. Қазіргі таңда халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша , адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% — тұқымқуалаушылықтан, 25% — қоршаған ортадан, ал 50% — адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен. Соңғы мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі жайында сабақ барысында айтылды.
Адамға өмір бір – ақ беріледі. Сондықтанда оқышылардың өз өмірімін тамаша етіп сүру үшін: дұрыс тамақтану, спортен шұғылдану, жұқпалы аурулардың алдын алу, ішімдік пен шегімдіктен аулақ болу, жеке бас тазалығымызға көңіл бөлу, қоршаған орта тазалығын сақтау сынды бір қатар әрекеттерге баса мән беру керектігі айтылды.Адамзаттың шектен көп тамақануы мен қозғалмауы қосымша дерттеге алып келеді.
Дамыған елдің болашақ жастары өз денсаулыған өзі күтіп, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Бұл жарқын болашақтың негізгі кепілі – салауатты өмір салтын қалыптастыру. Өсіп отырған жас баланың қозғалысы мен белсендігi оның оның денсаулығына көп септігін тигізеді сонымен қатар организмнiң дұрыс қалыптасуына әсер етеді.
№107 лицей оқытушысы Дәлелхан Ботакөз
тех.ғыл.маг., Жанакова Раиса