ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов тарихшы ғалымдармен кездесті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Министрдің жазуынша, кездесуде ғалымдармен және мұғалімдермен Қазақстанның тарих ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері, Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды, Қазақстан тарихы бойынша базалық мектеп оқулығын дайындаудың ұйымдастырушылық және әдіснамалық мәселелері, мектептерде тарихты оқыту проблемалары, оның ішінде үлгілік бағдарлама дайындау туралы мәселелер талқыланған. Бұл ортақ жұмыстың маңызы зор. Бұл жұмыста науқаншылдық пен асығыстық болмау керек.
Ведомство басшысы министрлік тарихшы ғалымдар мен мұғалімдердің айтқан ұсыныстары мен идеяларын ескеретінін атап өтті. «Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмысқа барлық тарихшыларды қатысуға шақырамын. Өз ұсыныстарыңызды Ғылым комитетінің корпоративтік поштасына kn@edu.gov.kz жіберуді сұраймын» деп тұжырды сөзін Асхат Аймағамбетов.