Home » Жаңалықтар » №94 мектеп — гимназиясы және құқық

№94 мектеп — гимназиясы және құқық

№94 мектеп — гимназиясы және құқық

Құқық — заң, гуманитария — ізгі қадам. Бұл сөз құрау емес. Бүгінгі күннің тәрбие құралы. Баланы кішкентай адам емес, Жеке тұлға деп қараймыз және солай қарым — қатынас жасаймыз. «Указкамен» ұру, сұқ саусақпен нұқу сонау советтік заманда қалды. Қазір ізгілік үстем етуде. Бүгін сондай жайма шуақ іс әрекеттің куәсі болдым. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №94 мектеп-гимназиясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы жастарды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында «аудандық» семинар өтті.

Аудандық тырнақшаға алып отырмын. Қалалық, республикалық деңгейге тұрарлық іс-шара деуге болады.
Семинарды мектеп-гимназия директоры Ботабекова Айгүл Әбдірашитқызы «№94 мектеп-гимназия балалары мен мұғалімдерінің үлесімділігі» баяндамасымен бастады. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері мен жоғары көрсеткіштері де бар екен. Оны мен мектепке барардан бұрын саралап, зерттеп алған болатынмын. Оқып, сұрап білген бір басқа, слайдтар мен суреттерден дәлел көрдім. Үш сағатқа созылған іс-шара жаңашылдығымен жалығуға себеп берген жоқ. Атап айтсам, Лесюнина Юлиана Феликсовна «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұйымдастырылған жұмыстар» жайында өте тыңғылықты баяндама жасады.
Ажмухамбетова Айгуль Мендышевна «Майшам» шебер-сағатын көрсетті.
Арнайы шақыртумен келген психолог Шлымова Сауле Муратовна «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу әдістемесі» психологиялық тренингін жасады.


Гулак Ирина Валерьевна «Әлеуметтік театр – жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырған жаңа технологиясы» қойылымын көрсетті. «Бәрін айтта, бірін айт» көрген де көрмегенде арманда Юлиана Феликсовнаның «Жағдаят» іскерлік ойыны қатысушылар мен қонақтарға қатты ұнаған сияқты. Қолдарына қалам–қарындаш алып бәрі іске кірісіп кетті. Өздері жоба жасап, оны қорғап, ойлары мен әрекеттерін ортаға салды.
Семинар соңын әлеуметтік «Найза» театры «Тағдыр таңдау» музыкалық театрландырылған қойылымымен аяқтады. Естелікке суретке түсіп, жылы қоштастық.

Білім айнасы
Алматы қаласынан
Қуантай Амантайұлы

5 комментариев

  1. Керемет! Мектеп табалдырығынан ізгі жақсылар аттай берсін!

  2. Семинар дал много интересных идей, обмен опытом

  3. Мейрамбек

    Семинар өте жоғары деңгейде өтті!
    Осы бастамаңыз өз жалғасын табады деген ойдамын! 👍

  4. Султанова ГН

    Замечательный семинар актуальные проблемы
    Выступление агитбригады супер
    Очень понравилось выступление психолога основателя подросткового клуба

  5. Керемет ! Өте тиімді семинар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.