Ресми сайттарды құру – әр мекеменің жетістігінің кепілі. Өз іс-әрекеті туралы уақтылы сайт қолданушыларды ақпараттандыру және берілген ақпараттың шынайы болуы мекеменің жетістікті болуына тікелей әсер етеді. Және бұл қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі. Сол мақсатта Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының «Қарлығаш балабақшасы» шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыннның (бұдан әрі – Кәсіпорын) имиджін және танылуды көтеру мақсатында 2019 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Кәсіпорынның http://www.karlygash.kz/ сайты іске қосылды. Ақпараттық жариялау жұмысы 2019 жылғы 21 тамызда бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарында халықпен кері байланыс форматын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес жүргізіледі. Жаңалықтар таспасы тұрақты жаңартылып отырады және Кәсіпорын сайтының қызметіне мониторинг жүргізіледі: пайдаланушылар саны – 1502 (82,2%), қаралым — 12350, елдер: Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркия, Украина, Англия, АҚШ, Эстония, Үндістан, БАӘ, Германия.
Мақала материалдары 5 индикатор бойынша ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-ның медиа-кестесіне сәйкес сайтта және БАҚ беттерінде орналастырылады:
- жаңалық ақпарат;
- пайдалы инфографика;
- негізгі жаңалық ақпарат;
- пікірлер, клиенттердің пікірлері;
- жарнама.
Жарияланымдардың тиімділігіне тұрақты талдау жүргізіледі, Кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттар жариялау кестесі бойынша ай сайын медиа-жоспар жасалады. Сайттың пайдаланушыларымен байланыс орнату және жаңалықтар таспасының қаралым санын арттыру үшін сайтқа тұрақты талдау жасалады.
Автор: Қазақстан Республикасы Президенті
Іс Басқармасыны Медициналық орталығының
«Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК, ИТЖБ
әдіскер — сүйемелдеушісі
— Конакова Бахытгуль Каиргельдиновна