Home » Сценарийлер » «Отан-отбасынан басталады»

«Отан-отбасынан басталады»

Кемалова   Кунжамила  Сагындыковна
                      №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі
                      Қызылорда обылыс,Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Мақсаты:  Балабақша мен отбасы арасындағы байланысты нығайту. Бала мен ата-ананың өз Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті  ата-аналар, әріптестер!

                   «Қарлығаш» тобының «Отан-отбасынан басталады» отбасылық

                    сайысына қош келдіңіздер!  Отбасымызда    бірлік,береке,еліміз

бейбітшілік, тыныштық болсын деп тілеймін.

 Отаным-оттан ыстық алтын ұям,
Шаттан дала тасынып, шалқы қиян.
Бір тұтам қасиетті жерің үшін.
Батыр ер жасындарың жанын қиған.

Отаным-сұлу көңіл күй ме екен,
Асқар тау тұлғаң алып биік екен.
Бабалар аманаты-асыл өлке,
Қазақстан мен сені сүйіп өтем.

Тәуелсіз елім бүгін шарықтауда,
20 жыл бастап келген халықты алға.
Қасірет,қиындықты кешсе-дағы,
Қаймықпай көк жүзінде қалықтауда!

 

Құрметті  ата-аналар,бүгінгі  сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1-бөлімі. «Өзге емес, өзің айтшы, өз жайыңды». Отбасы өзін-өзі таныстыруы.
2-бөлімі. «Ойлы болсаң озып көр». Сұрақтарға жауап беру.
3-бөлімі. «Өнерлі өрге жүзер» Отбасылық өнер көрсету.

Сайысымыздың барысын бақылап, отбасы өнерлерін,білімдерін бағалайтын әділқазылармен таныстырып өтейін.

1.Балабақша әдіскері Күнасыл апай.

  1. Балабақша психологі Тоқсұлу апай.
  2. Балабақша тәрбиешісі Гүлімхан апай.

 

Жүргізуші: Құрметті қатысушы отбасылар, ендеше, сайысымыздың 1-ші бөлімін бастаймыз.

1.Сұлтановтар отбасының таныстыруы.

2.Рсалиевтер отбасының таныстыруы.

3.Жанұзақовтар отбасының таныстыруы.

 

Жүргізуші: Отбасы мүшелерімен танысып алдық. Енді 2-ші бөлім «Ойлы болсаң озып көр» кезеңіне өтейік.

Шарты: Отбасыларға конвертте анасына 3 сұрақ, баласына 3 сұрақ беріледі, соған жылдам жауап беруі керек.

 

Сұлтановтар отбасының сұрағы:

                                        Анасына қойылатын сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы  қай жылы қабылданды?
  2. Рухани астанамыз қай қала?
  3. Тұңғыш Президентіміз қай жылы,қай күні сайланды?

Баласына қойылатын сұрақтар:

  1. Бір апта неше күн бар?
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында не бейнеленген?
  3. Абай атаның бір өлеңін айтып бер.

 

Рсалиевтер отбасының сұрағы:

                                   Анасына қойылатын сұрақтар:

  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері қашан,қай жылы ғарышқа ұшты?
  2. Қазақстан Тәуелсіздігін тұңғыш таныған мемлекет.
  3. батырлық,ерлік туралы мақал айт.

Баласына қойылатын сұрақтар:

  1. Балабақша неше күн келесің?
  2. Апта күндерін атап бер.
  3. Отан туралы тақпақ айтып бер.

 

Жанұзақовтар отбасының сұрағы:

                                  Анасына қойылатын сұрақтар:

  1. Тәуелсіз Қазастанның ордендері мен медалдерін атаңыз?
  2. Төл теңгеміз қашан,қай жылы шықты?
  3. Отан туралы мақал айтып бер.

Баласына қойылатын сұрақтар:

  1. Кемпірсоқта неше түс бар?
  2. «Ана» сөзінде неше әріп бар?
  3. Санамақ айтып бер.

 

Жүргізуші: Ата-аналар да, балалар да өз білімділіктерін көрсетті.

Рахмет, жарайсыңдар!

 

Енді 3-ші «Өнерлі өрге жүзер» бөлімін бастаймыз. Отбасылар өз өнерлерін көрсетеді.

  1. Сұлтановтар отбасы «Қара жорға» биі
  2. Рсалиевтер отбасы «Апатайым,анашым» әні орындайтын Жұлдыз
  3. Жанұзақовтар отбасы «Отан» өлеңін оқиды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар,өнерлі екенсіңдер. Енді сайысымызды қорытындылау үшін сөзді әділқазылар мүшесі Күнасыл апайға береміз.

Құрметті ата-аналар,балалар. Отбасылар сайыс барысында барынша өз өнерлерін,білімділіктерін,тапқырлықтарын көрсетті. Әділқазылар мынадай шешімге келіп отыр:

  1. «Білімді отбасы» номинациясымен Сұлтановтар отбасы марапатталады.
  2. «Өнерлі отбасы» номинациясымен Рсалиевтер отбасы марапатталады.
  3. «Тапқыр отбасы» номинациясымен Жанұзақовтар отбасы марапатталады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балалар. Бүгінгі сайысымызға уақыт бөліп, белсенділік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Отбасыларыңда тек жақсылық,балаларыңыз Тәуелсіз еліміздің елеулі азаматы болсын. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.