Home » Жаңалықтар » Тұлғаға құрмет-тарихқа құрмет

Тұлғаға құрмет-тарихқа құрмет

         Теміртау қаласы №17 орта мектебінде Үш бәйтеректің бірі, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірегейі – Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай әдеби кеш жазушының 15 қараша туған күні қарсаңында атап өтілді.
Бейімбет еңбектерін,өнегелі өмірін жас ұрпақ арасында насихаттау,кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілген әдеби кешті биші қыздардың  «Ата толғауы» биімен ашылды. Әдеби кешті әдістемелік бірлестік жетекшісі  Алиева Мадина Садуакасованың құттықтау сөзімен бастады:
«…Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург, публицист, сыншы Б.Майлиннің өлмес, өшпес мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу сіз бен біздің бабалар алдындағы борышымыз. Бейімбет мұраларын оқып, мағынасына терең үңіле жүрейік.»
Аталған кеште  Б. Майлиннің «Өмір жолы» атты деректі фильмін оқушылар тамашалап , керемет әсерде болды.
8- сынып оқушылары Б.Майлиннің өмірбаяны, шығармашылығы туралы  мәлімет берді.
11- сынып оқушылары Б.Майлиннің І. Жансүгіровке жазған хаттарын жатқа оқып, Б.Майлин туралы замандастарының айтқан пікірлерін мәнерлеп оқып, көрермен хошеметіне бөленді.
6- сынып оқушылары  «Елге барғанда», «Орындалмаған тілек», «Елге хат», «Жазғытұрғы тілек», «Мырқымбай», « Гүлденсе ауыл –гүлденеміз бәріміз», «Күз келсе», «Арман не еді?», «Құбақан»,т.б. өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Сондай –ақ осы кеште 7- сынып оқушылары Б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасынан сахналық көрініс қойды. Күлпаш рөлін Елеусизова Мадина, Мақтым рөлін Дулатов Нұрзат, Раушан рөлін Сайранова Зарина сомдап,кейіпкер бейнесін керемет көрсете білді.  Мәжіліс залына Б.Майлиннің өмір жолынан толық мәлімет беретін бұрыш ұйымдастырылды. Б.Майлиннің кітаптарымен, буклеттерімен, альбомдармен, фотосуреттермен оқушылар танысты.
Бейімбет Майлин жырлары – қазақ халқы бастан кешірген келелі тарихтың бір бөлшегі.Бейімбет сынды асыл тұлғалардың өлмес мұрасын  ұрпақтан — ұрпаққа жеткізу біз,ұрпақтары мен ұстаздар қауымының парызы деп білемін.
Ұлы тұлғаларға көрсетілген құрмет – өткен тарихқа, елге көрсетілген құрмет бүгінгі ұрпақтың жадында жатталары, жаңа ізденістерге жетелері сөзсіз

Теміртау қаласы №17
орта мектебінің қазақ тілі
мен 
әдебиет пән мұғалімі
Касымбекова Загипа Түймебайқызы

                                                       

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.